Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттың ұлттық, тарихи мерекесі − Республика күні

Ұлттың ұлттық, тарихи мерекесі − Республика күні

Әлеумет 09.10.2024, 11:33 1,392
Ұлттың ұлттық, тарихи мерекесі − Республика күні
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Республика күні тарихы – еліміз үшін маңызды әрі күрделі оқиғаларға толы. Тәуелсіз республика атану жолы оңай болған жоқ. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында талай боздақтарымыз егемендік үшін жанын пида етті.

Ел тәуелсіздігін қорғауда зиялы қауымның ерлігі әрдайым жадымызда жаңғырып, олардың батырлығы бізге жігер береді. Елдің еркіндігін қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Бүгінгі күні кең байтақ жерді иемденіп отырғанымыз – сол батырлардың жанқияр ерлігінің нәтижесі.

Тарих – өткеннің сабағы. Ата-бабаларымыз бізге бірлік пен тұтастықтың үлгісін қалдырды, олар туған жерді жауға бермей, аманат етті. Біз сол өткен тарихымызды ұмытпай, ұрпаққа жеткізіп, өскелең жастарға тәуелсіздік үшін күрес пен оның маңыздылығын түсіндіруіміз керек. Жастар тәуелсіздік пен азаттықтың қалай келгенін біліп, оны сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуі тиіс.

XX ғасыр – еліміздің тарихында үлкен өзгерістер мен сілкіністерге толы кезең. «Бостандық» пен «теңдік» ұрандары қазақ даласына да жетіп, қоғам жаңа бағытқа бет бұрды. Осы тарихи кезеңде еліміз егемендікке қол жеткізіп, жаңа ғасыр мен мыңжылдыққа тәуелсіз республика ретінде қадам басты. Ұлтымыздың тарихында мақтан тұтар оқиғалар мен ұлы тұлғалар көп.

Егемен ел тарихына үңілсек, Республика күні алғаш рет 1995 жылы қазанда мемлекеттік мереке ретінде жарияланды. 25 қазанның таңдалуы кездейсоқ емес. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны» қабылдаған болатын. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін айқындады. Егемендік қағидалары ретінде елдің аумақтық тұтастығы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі және мемлекеттік рәміздер бекітілді.

2009 жылы Республика күні мерекелік күнтізбеден алынып, жұмыс күніне айналды. Алайда, 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.

«1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды», – деген еді мемлекет басшысы.

Осы ұсыныстың нәтижесінде ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер енгізіп, 25 қазан қайтадан Республика күні ретінде ресми бекітілді. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл шешімді «маңызды және тарихи» деп атап өтті.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#тарих #Тәуелсіздік #республикакүні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.