Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттың болашағы – бала

Ұлттың болашағы – бала

Әлеумет 18.10.2024, 16:12 1,332
Ұлттың болашағы – бала
aqshamnews.kz
 

Республика күні – еліміздің тарихында маңызды орын алатын ерекше мереке. Бұл күн тәуелсіздігіміздің бастауы ретінде үлкен мәнге ие. Сондықтан ұлттық мерекелерді балабақшадан бастап, балалардың санасына ойын мен тәрбиенің негізінде елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру маңызды.

Патриоттық тәрбие мектепке дейінгі жастан бастап қалыптасады. Әр мектеп жасына дейінгі бала өзінің туған жерін сүюді, құрметтеуді, бағалауды және Отанын қорғауды үйренеді. Тәрбиешілер сәбилерге «менің елім», «менің жерім» деген ұғымдарды ойын арқылы үйретіп, патриоттық сезімді нығайтуға атсалысады.

Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларға Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы екенін түсіндіру үшін түрлі ертеңгіліктер мен ойын түріндегі іс-шаралар өткізіледі.

«25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай балабақшамызда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – балаларға аға буынның ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанға, елге деген патриоттық сезімдерді ояту, тәуелсіздікті сақтау және Отанды қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, болашаққа деген сенімдерін нығайту және саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу.

Салтанатты шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, іс-шара барысында тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп, түрлі аспаптарда ойнаған бүлдіршіндер мерекенің көркін кіргізді.

Мемлекеттің ең басты байлығы – өскелең ұрпақ. Біз еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен тарихын мақтан тұтамыз. Балабақшамызда бір үйдің баласындай ұйысып, ұлттық мерекені атап өту – ерекше қуаныш. Қазақстан Республикасының Республика күні – біздің жалпыұлттық мерекеміз. Еліміздің дамуы, толағай табыстарға жетуі – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің жемісі. Жыл өткен сайын Қазақстан өзінің ұлттық дәстүрлерін заманауи дамуымен ұштастырып, мықты мемлекетке айналып келеді. Ұлттық мерекеміз құтты болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #Отан #болашақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.