ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / «Ұлттар достығы» саябағында татулық өркен жайды

«Ұлттар достығы» саябағында татулық өркен жайды

Алматы 26.04.2025, 14:07 609
«Ұлттар достығы» саябағында татулық өркен жайды
Сурет: Самат Құсайынов
Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мәдени-гуманитарлық, экологиялық іс-шаралар легі басталып кетті.

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мәдени-гуманитарлық, экологиялық іс-шаралар легі басталып кетті.

Бүгін Наурызбай ауданындағы «Ұлттар достығы» саябағында әр ұлт өкілдері бірлікте ағаш отырғызып, татулық күніне тарту етті.

 

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына үн қосқан бұл іс-шара Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен өтті.

Мұндай шаралар кейінгі ұрпаққа татулық пен қоршаған ортаға болған жауапкершілік сезімін сіңіретін тамаша үлгі деп санайды Қазақстан күрдтері «БАРБАНГ» республикалық қауымдастығы төрағасының орынбасары Вакиль Набиев.

–     Көріп тұрғандарыңыздай, көп адам мұнда балаларын да ерте келді. Бұл өте жақсы дағды, балаларды еңбекке баулиды әрі қалаға, қоршаған ортаға деген қамқорлықты нақты іс-әрекеттерімен көрсетеді. Қараңызшы, қандай керемет! Айнала тап-таза, жасыл желек жайқалып, көз қуантады. Барлық қазақстандықтардан қолдау тапқан осындай игі дәстүр жалғасын таба берсін, – дейді Вакил Набиев.

«Ұлттар достығы» саябағындағы Сақ қорымдары қала ішіндегі байырғы бабалардан қалған құнды тарихи ескеркіштер. Әр ұлт өкілдерінің саябаққа ағаш отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жасауы туған жер тарихына деген ортақ құрметтің символы іспетті.

Алматы қаласындағы өзге де этномәдени бірлестік өкілдері де экологиялық іс-шара атсалысты. «Cемиречия казактар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі Семён Шихотов «Қазақстандағы әр күніміз мейірімді істерге толы болсын» деген мерекелік тілегін жолдап былай деді:

«Бұл тек экологияға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар еліміз үшін ортақ жауапкершілігіміздің символы. Ағаш отырғызу – түрлі этнос өкілдерін ортақ құндылыққа біріктіретін іс. Жерге деген қамқорлық, табиғатқа құрмет және жарқын болашаққа ұмтылыс.

Қазақстандағы әр күн мейірімді істерге, бір-бірімізге деген құрметке және ортақ жарқын болашағымызға деген сенімге толы болсын! Бақыт, бейбітшілік және өркендеу тілеймін!, – деді Семён Владимирович.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.