AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үлкен астероид жерге жақындап келеді

Үлкен астероид жерге жақындап келеді

Әлеумет 24.12.2024, 02:24 1,699
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Фото: wikimedia/Kim MyoungSung

2024 NX1 деп аталатын үлкен астероид 24 желтоқсанға қараған түні Жердің жанынан ұшып өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Daily Mail басылымының жазуынша, 10 қабатты үйдің көлеміндей ғарыштық объект Жерден шамамен 7,21 миллион шақырым қашықтықта сағатына 23 мың шақырым жылдамдықпен өтеді.

NASA астероидтарды бақылау панелінің мәліметтері бойынша, бұл дене Жерге ең жақын нүктесіне 24 желтоқсан күні Гринвич уақытымен 02:56-да жетеді. Мамандар оның диаметрін 29-дан 70 метрге дейін деп бағалап отыр. Мұндай өлшем астероидтың 12 миллион тонна тротилге тең жойқын күшке ие екенін көрсетеді.

Корольдік Гринвич обсерваториясының астрономы Джесс Лидің айтуынша, астероид Жерден шамамен 18 есе алысырақ қашықтықта өтеді. Бұл Жерге соғылу қаупін толығымен жоққа шығарады.

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, егер гипотетикалық түрде астероид Жермен соқтығысатын болса, ол 2 мың шаршы шақырым аумақты толықтай жойып жіберер еді. Салыстыру үшін ғалымдар 1908 жылы Сібірге түскен Тунгус метеоритінің шамамен осындай өлшемде болғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Астероид #Жер #NASA
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);