конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ұлдарға да вакцина салу ұсынылды

Ұлдарға да вакцина салу ұсынылды

Медицина 12.05.2025, 16:12 784
Ұлдарға да  вакцина салу ұсынылды
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазды.

Қазақстанда ұл балаларға да обыр тудыратын вирусқа қарсы вакцинаны салу ұсынылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

- Өткен аптада біз денсаулық сақтау министріне ата-аналар кездесулерде жиі көтеріп жүрген маңызды сауалды жолдадық. Атап айтқанда – ұл балаларды адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы екпенің ерікті вакцинациялау бағдарламасына қосу туралы. Қазір Қазақстанда қыз балалар адам папилломасы вирусына қарсы екпені тегін ала алады. Бұл – мыңдаған адамның өмірін сақтап қалатын өте маңызды шешім және үлкен жетістік. Енді осы тәжірибені кеңейту ұсынылып отыр, дейді депутат. 

Аймағамбетовтің сөзінше, адам папилломасы вирусы – тек «әйелдерге тән вирус» емес. Бұл вирус жатыр мойны қатерлі ісігінен бөлек, ер адамдарда көмей, ауыз қуысы мен тік ішек қатерлі ісіктерінің де дамуына себеп болуы мүмкін.

- Бүгінде ұл балаларға да қыздармен бірдей адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егілетін көптеген ел бар. Сол себепті біз бұл вакцинаны ерікті негізде ұлдарға да қолжетімді етуді ұсындық, дейді Аймағамбетов.

Депутаттың сөзінше, қазір бұл вакцинаны дәріханалардан табу қиын.

- Сондықтан мемлекет тарапынан оны барлық тілек білдірушіге қолжетімді ету – аса маңызды. Біз денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдайды деп үміттенеміз. Себебі ұл балалар да қауіп тобына жатады. Олардың денсаулығы назардан тыс қалмауы керек, дейді депутат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#впч #вакцина #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);