Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұл-қыздарына алимент төлемей қашып жүрген 11 мың ә...

Ұл-қыздарына алимент төлемей қашып жүрген 11 мың әйел бар

Әлеумет 02.07.2024, 10:42 639
Ұл-қыздарына алимент төлемей қашып жүрген 11 мың әйел бар
Қайрат Қоныспаев

Қазір берешектің жалпы сомасы 13 миллиард теңгеге жеткен.


Елімізде ұл-қыздарына алимент төлемей қашып жүрген 11 мың әйел бар, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Дегенмен, туған балаларына ақша төлеуден жалтарып жүргендердің денін әлі де ер азаматтар құрап отыр. Олардың саны 281 мың адам. Қазір берешектің жалпы сомасы 13 миллиард теңгеге жеткен.
Өкінішке қарай, алимент төлей алмағандардың арасында шетелге шығуға шектеу қойылғаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және сотталғандары да азаймай тұр. Сондықтан мемлекет 13 мыңнан астам әкені жұмысқа орналастырған.

Жыл басынан бері проблемалық алименттер саны бойынша 16 197 іс өндіріске алынып, қарыз мөлшері 20,7 млрд теңгеге жеткен. Қазір проблемалық алименттер 21%-ға дейін төмендеді, яғни, 13 млрд теңгеге өндіріске алынған 12 883 іс бар. Орташа алғанда алимент өндірісінің 95%-дан астамы сот орындаушыларының талаптарын еш қиындықсыз орындайтын жұмыс берушілердің есептік қызметтері арқылы өндіріледі. 
     
Қазір 7 мыңнан астам борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулер қойды.

Биыл алимент бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 1 875 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 304 іс тіркеліп, оның ішінде 115 іс сотқа жіберіліп, 55 борышкер сотталды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #әлимент #жалақы #қарыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.