конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Украинадан 299 қазақстандық елге жеткізілді

Украинадан 299 қазақстандық елге жеткізілді

Әлеумет 03.03.2022, 09:21 1,548
Украинадан 299 қазақстандық елге жеткізілді
Сурет: Elorda.info

3 наурызда үшінші эвакуациялық ұшақты жіберу мәселесі пысықталуда.


ҚР Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелері Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғаннан бері 431 азаматқа, оның ішінде 404 адамға Польшаға, 21 адамға Молдоваға, 5 адамға Мажарстанға, 1 адамға Словакияға шығуға жәрдем көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық дипломаттар жоғарыда аталған мемлекеттердің шекарасынан өтуді, азаматтарды жинауды және Қазақстанға одан әрі жетуді қамтамасыз етеді. 


«Air Astana» әуекомпаниясының екі эвакуациялық ұшағы 299 адамды шығарып үлгерді, олар Катовице қаласынан (Польша) Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жетті. 


Сонымен қатар, 3 наурызда үшінші эвакуациялық ұшақты жіберу мәселесі пысықталуда. 


Қазіргі уақытта Катовице қаласында 68 ҚР азаматы елге оралатын сәтін күтіп отыр. 


Бұған дейін шекараны өткен бірқатар азаматтар ЕО аумағында қалуға шешім қабылдады. 


Сонымен қатар, азаматтарымызды украин-поляк шекарасына жеткізу үшін Киевтен 57 адамға және Львовтан 41 адамға сапар ұйымдастырылды. 


«Атамекен» ҰКП берген ақпаратына сәйкес, Украинадағы әскери шиеленіс басталғаннан кейін, ел аумағында 47 жүргізуші – ҚР азаматтары және 8 жүргізуші – шет мемлекет азаматтары бар - жалпы 55 автокөлік қалды. 


Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 55 автокөлік құралдарының ішінен жүргізушілермен бірге 13 автокөлік украин-ресейлік шекарасы арқылы Ресей аумағына, 8 автокөлік Молдоваға және 3 автокөлік Польшаға шығуға қолғабыс көрсетілді. 


Қолда бар деректер бойынша, қазақстандық тасымалдаушылардың 31 автокөлік құралы Украина аумағында қалды. 


Азаматтардың және жүк тасымалдаушылардың орналасқан жеріне байланысты ҚР Ресейдегі, Беларусьтегі, Польшадағы, Словакиядағы, Мажарстандағы, Румыниядағы және Молдовадағы шетелдік мекемелері олармен тұрақты байланыста болуы және сол елдің билігімен аталған аумақтар арқылы эвакуациялауды пысықтауда, сондай-ақ неғұрлым қауіпсіз эвакуациялық жолдарды ұсынуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Украина #Қазақстан #азамат #елге оралу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);