AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметтік комиссия Алматы қаласы мен Алматы облысы...

Үкіметтік комиссия Алматы қаласы мен Алматы облысын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

Әлеумет 20.01.2022, 15:01 1,380
Үкіметтік комиссия Алматы қаласы мен Алматы облысын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты
Сурет: Рrimeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалпына келтіру және тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залалды өтеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.


Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев бүгінгі таңда қалада көлік қатынасы мен азық-түлік кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, жол инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


27 қалалық ғимаратты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет, оның ішінде 10 мемлекеттік және жеке меншік мүлік нысандары бюджет қаражаты есебінен қайта жаңартылатын болады.


Қалған 17 нысанға келтірілген залал үлкен емес, олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі. Қалада 20 құрылыс компаниясының күшімен 9 нысанды тазалау жұмыстары жүргізілді, 800-ге жуық адам және 40 бірліктен астам арнайы техника тартылды.


Сондай-ақ, бейнебақылау камераларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бүлінген 587 бейнебақылау камерасының 434-і қалпына келтірілді. Барлық бейнебақылау камераларын қалпына келтіру жұмыстары 21 қаңтарда аяқталады.  


Сонымен қатар Open Almaty қоғамдық қабылдауы базасында тәртіпсіздіктерден зардап шеккен ШОБ өкілдеріне келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша жедел желі құрылды. Талдықорған қаласында комиссия Алматы облысының әкімі Қ. Бозымбаевпен бірге 2 мәдениет нысанын жөндеу жұмыстарының аяқталуын тексерді. Мемлекеттік органдардың 5 ғимаратын қалпына келтіру басталды.


Жұмысқа 400-ден астам адам және 14 бірлік техника тартылды. «Атамекен» ҰКП мәліметі бойынша өңірде 141 коммерциялық нысан зардап шеккен. 120-дан астам ШОБ ұйымдары қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, өздерінің негізгі қызметіне кірісті.


Алматы облысы бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 16,1 млрд теңгені құрады. Р. Скляр өңірлерді қалпына келтіру және олардың тыныс-тіршілігін жақсарту бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #Алматы #жұмыстар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);