AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметте отандық IT-компаниялар үшін жеңілдіктерді...

Үкіметте отандық IT-компаниялар үшін жеңілдіктерді кеңейту ұсынылды

Әлеумет 14.04.2022, 03:19 1,298
Үкіметте отандық IT-компаниялар үшін жеңілдіктерді кеңейту ұсынылды
Сурет: Еktu.kz

IT-мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру, отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікті кредит беру – ұсыныстың бір парасы.


Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысының күн тәртібінде IT-саласын қолдау және дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің телеграмдағы каналына сілтеме жасап.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, министрлік қалыптасқан жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізіп жатыр және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, отандық ақпараттық технологиялар саласын қолдау бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі.



Атап айтқанда, IT-мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру, отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікті кредит беру, «Astana Hub»-та эксаумақтылық қағидаты бойынша салық преференцияларының қолданылуын 2029 жылға дейін ұзарту ұсынылады.



Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытатын IT-мамандарынан келіп түсетін сауалдарға жедел жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері кірді.


Жұмыс тобының қызметі аясында Қазақстанға келуге мүдделі компаниялармен қарым-қатынас жолға қойылған. Өзекті ақпаратты алу үшін елге кіру, тұру және компания ашу туралы, сондай-ақ IT-саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық нұсқаулықтары бар веб-сайт құрылды. Әлеуметтік желілерде қатысушылар бизнесті жүргізуге қатысты сұрақтарға шұғыл түрде жауап ала алатын топ құрылды. IT-компанияларды көшіру кезінде қолдау көрсететін бейінді ведомстволармен жұмыс ретке келтірілді.


Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдармен аталған қолдау шараларын пысықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІТ #үкімет #дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);