ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Үкіметте министрлік өкілдерімен бірге суға қатыст...

Үкіметте министрлік өкілдерімен бірге суға қатысты мәселе талқыға түсті

Билік 21.05.2022, 10:45 1,070
Үкіметте  министрлік өкілдерімен бірге суға қатысты мәселе талқыға түсті
Сурет: Inform.kz
Сырдария өзені бассейнінде су таяздығы талқыланды

Сырдария өзені бассейнінде су таяздығы талқыланды


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Су кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Онда бір мемлекеттік органға сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету функцияларын біріктіру мәселелері, сондай-ақ Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы қаралды. Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазіргі таңда мемлекеттік су саясатын іске асыру түрлі мемлекеттік органдардың құзырында екенін атап өтті.


Осылайша, азаматтарды және экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану мен қорғауға қатысты функциялар үш министрлікке — Экология, геология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктелген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне су ресурстарын басқаруға, су бұруға, азаматтар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ су экожүйелерін қолдауға байланысты негізгі функцияларды қосу ұсынылады.


ҚР Премьер-Министрі ұсынылған тәсілдерге қатысты бірқатар ескерту жасап, ведомствоаралық үйлестіруді күшейте отырып (жекелеген бағыттар бойынша), оларды қосымша пысықтауды тапсырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында биыл Сырдария өзені бассейнінде су таяздығы циклі жалғасып жатқаны айтылды. Бұл орайда бассейн елдері су шаруашылығындағы күрделі жағдайдың теріс салдарын болдырмау үшін келісіп әрекет етуде.


Мәселен, Тоқтоғұл су қоймасында судың жиналу жағдайы тұрақтанды. Қазақстан мен Өзбекстан «Бахри Точик» су қоймасының қарқынды вегетациялық кезеңдегі жұмыс режимін Тәжікстанмен келісіп жатыр. Бұл шаралар Сырдария өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы, сондай-ақ Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы фермерлерді «Достық» каналы арқылы маусым-тамыз айларында шамамен 550 млн м3 көлемінде – өткен жылғы деңгейде суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлихан Смайылов аталған жұмысты бақылауда ұстап, Қазақстанның мемлекетаралық ынтымақтастық аясындағы міндеттемелерін орындау форматын нақтылауды тапсырды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.