AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөн...

Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ресми бөлім Бүгін 14:14 52 yakiya
Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
primeminister.kz

Құрамы жаңартылған комиссияның алғашқы отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ тіл білімі саласындағы танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Отырыс барысында комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады. Атап айтқанда, оқу-ағарту жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіл туралы заңнама талаптарының орындалу барысы талқыланды.

Комиссия мүшелері тілдік дағдыларды қалыптастыруда балабақша мен мектептің шешуші рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін заман талабына сай жаңғырту қажеттігіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты комиссия төрайымы әр жас санатына арналған лексикалық және грамматикалық минимумдарды әзірлеу мен бекітуді, сондай-ақ оларды тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құралдарды енгізуді тапсырды.

Ақпарат саласы бойынша ұсынылған есепке сәйкес, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі онлайн-контенттің үлесі 78%-ға жеткен. Мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстардың үлесі шамамен 60%-ды құрайды. Сонымен қатар отандық телевизиялық өнімдердің 70-дан астамы мемлекеттік тілде эфирге шығуда.

Мемлекеттік тілдегі ақпарат пен сапалы контентке деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Әсіресе жастар арасында қазақ тіліндегі цифрлық контентті тұтыну көлемінің қарқынды өсуі байқалады.

Осыған байланысты Аида Балаева бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясаты талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, отандық кино өнімдерін прокатқа шығару кезінде тілдік нормалардың сақталуын күшейту, ақпарат құралдарындағы тіл тазалығына, стиль мәдениетіне және тілдік әдеп талаптарына ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Сонымен қатар Халықаралық қазақ тілі қоғамының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалған Disney, Pixar және Sony студияларының балаларға арналған фильмдерін еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен көрсетуді қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Комиссия төрайымы бұл жобалардың тек Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ғана емес, облыс орталықтары мен ауылдық жерлердегі көрермендерге де қолжетімді болуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, OpenAI компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан ChatGPT моделін қазақ тіліндегі сапалы мазмұнмен толықтыру жобасының барысы тыңдалды.

Комиссия мүшелері аталған бағыттың мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі үлесін арттырудағы стратегиялық маңызын атап өтіп, жұмысты одан әрі тиімді жалғастыру үшін тиісті тапсырмалар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ-да еліміздегі алғашқы «Quantum AI» зертханасы іске қосылды

Бүгін 15:42

«Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасы

Бүгін 15:40

«Жазғы шабыт» лагері – балалардың жарқын жазғы әлемі

Бүгін 14:39

Таза орта – ұлт саулығының кепілі

Бүгін 14:26

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

Бүгін 14:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);