конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үкіметте инфляция динамикасы және бағаның өсуіне ж...

Үкіметте инфляция динамикасы және бағаның өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды

Экономика Бүгін 09:34 38
Үкіметте инфляция динамикасы және бағаның өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды
Primeminister.kz

Бір апта ішінде әкімдіктер негізгі азық-түлік тауарын жеткізушілермен кездесу өткізіп, бағаны тұрақтандыру шарасын қабылдауы қажет, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте түрлі нарықтағы қазіргі баға ахуалы, болжамдау мен одан әрі ден қою шаралары егжей-тегжейлі қаралды.

Жылдық инфляция 10,2% деңгейінде болып тұрған кезде жекелеген өңірлерде оның қарқыны орташа республикалық деңгейден жоғары болып қалып отыр.

Жиында реттелетін тауарлар мен қызметтер тарифінің ықтимал өсуі ескеріле отырып, инфляцияның одан арғы серпінінің бірнеше сценарийі қаралды. Серік Жұманғарин Табиғи монополияларды реттеу комитетіне олардың инфляцияға ықтимал үлесін есептей келіп, тарифтердің алдағы өсу параметріне түзету енгізуді тапсырды.

Жеті айда ақылы қызметтердің ішінде (2026 жылғы шілде мен 2025 жылғы желтоқсанға дейін) денсаулық сақтау (110,1%) және байланыс (105,5%) саласында өсім тіркелді.

Шілдеде азық-түлік тауарының айлық инфляциясы 0,4% болып, маусыммен салыстырғанда 0,2 п.т. бәсеңдеді. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары дефляциясы – 0,3%. Бұл оның баға индексін жыл басынан бері 1,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, министрлік азық-түлік инфляциясын орташа есеппен 0,2 п.т. бәсеңдету міндетін қойып отыр.

Қант нарығындағы жағдай да қарастырылды. Қазақстанда қант қызылшасын өңдеудің жалпы тәуліктік қуаты 8,7 мың тонна. 2,4 мың тонна қамыс шикізатын өңдейтін төрт зауыт жұмыс істейді. 2026 жылғы қаңтар-маусымда 77 мың тонна қант өндірілсе, оның 9 мың тоннасы қызылша, 68 мың тоннасы қамыс қанты.

Қант импортына тәуелділікті ескере отырып, мемлекет биыл 100 мың тонна шикі қантты бажсыз әкелу шарасын қабылдады. Талқылаудың соңында Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қант саласының өкілдерімен жеке кеңес өткізіп, бағаны тұрақтандырудың қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды.

Шілдеде сүт өндіру нарығында орташа баға іс жүзінде өзгерген. Ал маусымда 0,7% өсім тіркелді. Вице-премьер АШМ-ге шикі сүт өндірушілермен кеңес өткізуді және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторларды егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.

Жыл басынан бері нан-тоқаш өніміне бағаның өсуі болжамды деңгейден төмен. Бұған әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті, оның ішінде, нан өндірушілерге арзандатылған электр энергиясын беру шарасы ықпал етті. Қоғамдық маңызы бар нарықтағы баға ережесіне өзгерістер шілде айының соңында күшіне енді. Енді Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жақын арада нан өндірушілермен қарсы міндеттемелерді көздейтін меморандумдар жасасуды жоспарлап отыр.

Кеңесте көтерілген тағы бір мәселе – реттелмейтін нарықтағы ақылы қызметтер. Шілдеде өсу қарқыны маусымдағы 1,1%-ға қарағанда 0,7%-ға дейін төмендеуіне қарамастан, сегменттегі баға қысымы сақталуда. Жылдық мәнде ақылы қызмет құны 9,2%-ға өсті. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова баға динамикасына сегіз бағытта талдау жасады. Ең жоғары қарқын денсаулық сақтау, көлік, білім беру, туризм мен спорт салаларында байқалды.

Серік Жұманғарин салалық мемлекеттік органдарға тиісті нарықтағы жай-күйді талдап, қызмет құнының негізгі өсу себебін айқындауды, бағаны ұстап тұру жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

Дәрі-дәрмекке ерекше назар аударылуда. Енді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарыққа талдау жүргізіп, баға белгілеуге әсер ететін факторларды зерделемек.

Инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары өңірлерге жекелеген тапсырмалар берілді. Бір апта ішінде әкімдіктер негізгі азық-түлік тауарын жеткізушілермен кездесу өткізіп, бағаны тұрақтандыру шарасын қабылдауы қажет.

«Бүгін біз инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды егжей-тегжейлі талдадық. Бұлардың біразына нақты жауап та бар. Қазір инфляция орташа республикалық деңгейден асатын өңірлерде бағаның өсуіне жол бермеу өте маңызды. Қазірде бұл факторлардың едәуір бөлігі жекелеген тауарлар мен өңірлік нарықта қалыптасқандықтан, әрқайсысымен жұмыс атқару қажет. Апта сайын қалыптасқан ахуалды барлап, қабылданған шаралардың нәтижесін талдайтын боламыз», — деді Серік Жұманғарин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #инфляция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді

Бүгін 10:01

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін 09:03

Өткен тәулікте Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 061 дерегі анықталды

Бүгін 08:34

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Кеше 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Кеше 18:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);