конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды

Әлеумет Бүгін 12:06 47
Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды
Primeminister.kz

Автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автожол саласы мәселелері жөнінде кеңес өтті. Талқылауға Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басшылығы және мердігер ұйымының өкілдері қатысты.

«Орталық - Батыс» жобасын іске асыру, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту, күзгі-қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, «Орталық - Батыс» жобасы бойынша жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, жер учаскелерін қаржыландыру, бөлу мәселелерін қоса алғанда, оны іске асырудың ағымдағы жағдайы қаралды.

Автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Жұмыс сапасы, белгіленген мерзімдердің сақталуы, ведомствоаралық шешімді талап ететін мәселелер талқыланды.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде жол ұйымдарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындығы пысықталды. Қажетті техникамен, тайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етуге және қыс мезгілінде қауіпсіз, үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге әзірлікке ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға проблемалық мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарын сапалы жүзеге асыру, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет отырысы #көлік #Автожол #нәлібаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Үшкемпіров көшесінің аумағында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 12:44

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсті

Бүгін 12:20

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Бүгін 12:17

Мақсат – тыйым салу емес, денсаулықты қорғау

Бүгін 12:16

Балаға жарнама қалай әсер етеді?

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);