AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үкімет зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығ...

Үкімет зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтейді

Экономика 20.01.2022, 14:40 2,188
Үкімет зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтейді
Сурет: О-sebe.com

Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды жою мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссия ШОБ өкілдеріне келтірілген шығынды өтеу тетігін бекітті


Үкімет резервінің қаражаты кәсіпкерлік субъектілеріне төлем жасау үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жылжымайтын, жылжымалы мүлік бойынша, сондай-ақ жоғалған (ұрланған) тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша келтірілген залал өтеледі. Зақымдалған жылжымайтын мүліктің орнын толтыру бекітілген сметалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады.


Бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу әкімдік және/немесе «Күшіміз бірлікте» зардап шеккен бизнесті қолдау қоры айқындайтын бағалау және аудиторлық компаниялар дайындаған бағаға сәйкес жүргізілетін болады.


Жоғалған (ұрланған) тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу сомасы растайтын құжаттардың негізінде, ал олар болмаған жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің 2021 жылғы орташа айлық айналымы түрінде айқындалады. Жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын өтеу үшін «InfoKazakhstan.kz» платформасында тиісті өтініш беру керек.


Залалды бағалауды және өтелетін құнның мөлшерін айқындауды мүлікке келтірілген зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар және «Күшіміз бірлікте» қорының өтінімдерін қарау жөніндегі комиссиялар жүргізеді. Кәсіпкерлердің өтініштері 5 күнтізбелік күн ішінде қаралады, мақұлданған жағдайда тиісті қаражат өтініш берушіге аударылады. Кәсіпкерлерге биылғы ақпан айынан бастап төлем жасау жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #кәсіпкер #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);