Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет Сенатқа энергия үнемдеу және энергия тиімді...

Үкімет Сенатқа энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды

Әлеумет 09.06.2022, 07:56 1,166
Үкімет Сенатқа энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды
Сурет: Almaty.tv
Аталмыш құжат елдегі экологияны жақсартуға ықпал етеді.

Аталмыш құжат елдегі экологияны жақсартуға ықпал етеді.


Парламент Сенатының пленарлық отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомство басшысы аталған заң жобасын қабылдау энергия сыйымдылығын төмендетуге, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және көмірсутек ресурстарының жаңа түрлерін өндіруді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.



«Жоба Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіпорындардың энергия тиімділігі бойынша талаптарды күшейту, сондай-ақ Президенттің Алматы қаласындағы екінші жылу электр орталығын көмірден газға ауыстыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Сонымен қатар, Алматы қаласы мәслихаты мен әкімдігінің сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы құзыретін кеңейту ұсынылады. Осы ретте бүгінгі таңда станцияларды көмірден газға ауыстыруға бағытталған іс-шаралар бойынша инвестицияларды қайтару тетігі жоқ екенін атап өткен жөн»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Заң жобасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге, сондай-ақ баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды сала отырып, жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейтуге инвестицияларды қайтару тетігін енгізуге бағытталған түзетулер көзделеді.


Осылайша, ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеу бойынша жауапты тұлғаларды бекіту ұсынылады. Сонымен бірге аталған заң жобасы энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі функцияларды персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдарға беруді көздейді. Бұл шаралар сала сарапшыларының кәсіби деңгейі мен жүргізілетін энергия аудиттерінің сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.


Жекелеген түзетулер мемлекеттік шекара арқылы шекара бөлімдері және автомобиль өткізу пункттерінің ғимараттары мен құрылыстарын салуға қатысты болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,459 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,349 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,993 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.