конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жыл...

Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті

Экономика 15.06.2021, 10:29 1,947
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
Сурет:Gov.kz

Осы жылғы қаңтар-мамырда республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың салдарынан 564 адам зардап шекті.


Оның 19,5%-ы тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында, 4,5%-ы коммуналдық шаруашылықта және 10%-ы – құрылыс саласында.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Премьер-Министрдің сайтына сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады. Биыл жыл басынан бері өндірістік жарақаттану деңгейі 1 мың адамға 0,08 құрады (2020 жылғы 5 айда – 0,07).


Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында сақталуда. Бұл көрсеткіштің төмендеуінің оң серпіні Қостанай және Павлодар облыстарында байқалады. Отырыста Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары бекітілді. Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелді азайту бойынша жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік біліктілік пен ғылыми әлеуетті, әлеуметтік әріптестікті дамытуды көздейді. Жоспарды іске асыру нәтижесінде өндірістік жарақаттану 10%-ға, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны 20%-ға дейін төмендейді деп болжанған. «Өндірістік кәсіпорындарда халықаралық «Vizion Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын белсенді енгізу қажет. Әрбір жарақаттану жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігінде мұқият талданып, қорытындысы бойынша оларды барынша азайту үшін кешенді шаралар әзірленуі тиіс. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби сын-тегеуріндерді бағалау және басқару жүйесін енгізу қажет», — деді Асқар Мамин.


Премьер-Министр тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласы кәсіпорындарына ерекше назар аудара отырып, өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті. Үкімет басшысы осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жұмыс берушілер үшін еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік бойынша өзін-өзі бақылауға онлайн-платформа әзірлеуді, сондай-ақ Үкіметтің қарауына еңбек жағдайларын жақсартуда жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыруды арттыру тұрғысынан заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты азайту жөніндегі жол картасын бекіту тапсырылды. Өңірлердің әкімдіктеріне кәсіпорындармен бірлесіп, биылғы 1 қыркүйекке дейін Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жол карталарын бекіту тапсырылды.


Премьер-Министр сондай-ақ осы жылдың соңына дейін кәсіпорындармен өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вознесенский собор #презентация #реставрация #отец Александр #Қазақстан #үкімет #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);