AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет кірме жолдар тарифін төмендетпек

Үкімет кірме жолдар тарифін төмендетпек

Әлеумет 31.01.2022, 13:42 1,277
Үкімет кірме жолдар тарифін төмендетпек
Сурет: Өскен өңір

Тарифтер осы жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.


Аталған шаралар көлік шығыстарына және тауарлардың, оның ішінде азық-түлік өнімдерінің түпкілікті құнына оң әсер етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.


Үкімет кірме жолдарды беру қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдады.


Биылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кірме жолдарды ретке келтіру бойынша тапсырмалар берді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Скляр кірме жолдар саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізуді, қызметтер құны бағасының белгіленуін талдауды және тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.



Мәселен, биылғы 1 ақпаннан бастап еліміздің бірқатар өңірінде (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары) кірме жолдарды берумен айналысатын 21 субъектінің тарифтері орта есеппен 80%-ға төмендеді. Сондай-ақ Павлодар облысында кірме жолдар қызметтерін ұсынатын «ARMAN KALA LTD» ЖШС тарифтері 93%-ға (1741,53 теңге/вагон*км-ден 118,07 теңге/вагон*км-ге дейін) төмендетілді. Бұл шара Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары үшін отынның негізгі жеткізушісі «Богатырь Көмір» ЖШС көмірінің құнына оң әсер етеді.



Сонымен қатар объективті баға белгілеу мақсатында еліміздің негізгі темір жол объектілерінде орналасқан кірме жолдардың ірі баланс ұстаушысы «Көлік сервисі орталығы» АҚ (2117,98 теңге/вагон*км-ден 164,29 теңге/вагон*км-ге дейін) тарифтері 92%-ға төмендеді. Тарифтер осы жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталған шаралар көлік шығыстарына және тауарлардың, оның ішінде азық-түлік өнімдерінің түпкілікті құнына оң әсер етеді. Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы одан әрі жалғасын табады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #кірме #жол #тариф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);