ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / Үкімет жиынында инфляцияға қарсы әрекет ету жөнінд...

Үкімет жиынында инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені бекітілді

Нарық 07.09.2021, 06:47 1,240
Үкімет жиынында инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені бекітілді
Сурет: Вk55.ru
Үкімет отырысында инфляцияның алдын алу шаралары пысықталды

Үкімет отырысында инфляцияның алдын алу шаралары пысықталды


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.


Еліміздің Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев баяндама жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда инфляцияның өсуіне жол бермеу бойынша алға қойған міндетін орындау мақсатында Үкімет қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледі.


Азық-түлік инфляциясын тежеу жөніндегі жедел шаралар аясында секторда құн белгілеудің бүкіл тізбегінде бағаны тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алынып, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін шикізаттың тұрақты және болжамды бағаларын қамтамасыз етудегі рөлі кеңейтіледі. Өндірушілерге жеңілдікпен кредит және субсидия беру механизмдері кеңейтіліп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын салу үшін субсидиялау нормалары ұлғайтылады.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі. 


Елдегі Өндірушілердің бірыңғай тізілімін жасау және бағаны мониторингтеу жөніндегі талдамалық платформаны іске қосу өңірлерде инфляцияның күрт өсу фактілеріне дереу әрекет етуге мүмкіндік береді.  Азық-түліктен басқа тауарларға инфляция деңгейін тежеу жөніндегі шаралар аясында қажет болса, тапшылық орын алып отырған немесе ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды сыртқа шығаруға шектеу енгізу көзделеді. Медициналық қызметтердің кешенді тарифтерін және бірқатар медициналық тауардың шекті бағасын алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі.


Инфляция импортының жоғары деңгейі бар өндірістерді ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылданады, оның ішінде құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері де бар. Ақша-несие саясатының аясында инфляцияға қарсы шараларды іске асыруға, оның ішінде экономикадағы өтімділік көлеміне бақылауды күшейту жолымен іске асыруға назар аударылатын болады.



«Бұл шаралардың бәрі осы жылдың аяғына дейін азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын жедел түрде тұрақтандырып, инфляцияның жалпы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді», - деді А. Мамин.



Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға көзделген шараларды орындауға дереу кірісуді, Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысына мониторинг жасауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.