ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет еліміздің астық саласын қолдауға 40 млрд те...

Үкімет еліміздің астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлді

Әлеумет 09.04.2025, 15:04 683
Үкімет еліміздің астық саласын қолдауға 40 млрд теңге бөлді
Сурет: Gov.kz
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол...

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаражатты көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету, 2025 жылдың өнімін қабылдау үшін астық қоймаларын босату, қазақстандық астық экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағыттау жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылы елімізде дәнді дақылдар бойынша 25,2 млн тонна көлемінде рекордтық өнімі жиналды. Жоғары өнімділікке агротехнологияны дұрыс қолдану нәтижесінде және қолайлы ауа райының арқасында қол жеткізілді.

Сонымен қатар ішкі нарық сұранысы шамамен 10 млн тоннаны құрайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында атап өткендей, Қазақстанның дәнді дақылдар бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаны құрайды. Бұл – ауқымды көлем және үлкен жауапкершілік. Үкіметтің басты міндеті – шаруаларға өз өнімдерін шетелдік нарықтарда өткізуде жан-жақты қолдау көрсету. 

Бүгінде бұл экспорттық әлеуеттің 10 млн тоннасы бағыттары әзірленген дәстүрлі өткізу нарықтарына, ал 2 млн тоннасы алыс бағыттар мен жаңа нарықтарда сату үшін жөнелтілді.

Осылайша, тасымалдау шығындарын азайтуды субсидиялау шаруаларға астықты жаңа нарықтарға дер кезінде экспорттауға және астық қоймаларын жаңа өнімге дайындауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен сәуір айына дейін астық экспорты 6,9 млн тоннаны құрады, ол 2023-2024 жылдардың ұқсас кезеңінен 54%-ға артық.

Бүгінде экспорттың дәстүрлі бағыттары – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан. Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемі ұлғайды. Транзиттік жолдар Ресей, Латвия, Литва, Эстония, Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан және Қытай аумақтары арқылы өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.