Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет дәрігерлер мен педагогтердің жалақысын көте...

Үкімет дәрігерлер мен педагогтердің жалақысын көтеру үшін қанша қаражат жұмсағанын айтты

Әлеумет 16.06.2022, 06:09 898
Үкімет дәрігерлер мен педагогтердің жалақысын көтеру үшін қанша қаражат жұмсағанын айтты
Сурет: Dknews.kz
Қаржы министрі 950 млрд теңге жұмсалғанын жеткізді.

Қаржы министрі 950 млрд теңге жұмсалғанын жеткізді.


Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенаттың жалпы отырысында өткен жылы мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындағанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Ерұлан Жамаубаев былтырғы кірістер бойынша жоспар 156 млрд теңгеге асыра орындалғанын айтты.



«Бюджетке 7,4 трлн теңге түсті. Салық түсімдері 7,1 трлн теңгені немесе 102,1%-ды құрады. Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығына, шикі мұнайға, экспорт, кеден бажына және импортқа қосылған құн салығына тиесілі болды. Салық түсімдерін ұлғайтудың негізгі факторлары экономиканың біртіндеп жандануы мен салық әрі кеден саласын әкімшілендіруді жетілдіру болды. Соңғы 3 жылда салық пен кеден саласын әкімшілендіру мен цифрландырудан бюджетке 2 трлн теңгеден астам қосымша түсімдер қамтамасыз етілгенін атап өткім келеді», - деді министр.



Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Халық Республикасының экспорты – Қазақстан Республикасының импорты бағыты бойынша статистикалық деректердегі алшақтық 40,5%-ға дейін төмендеді.


Премьер-Министрдің орынбасары бюджет шығыстары жайлы сөз қозғады.



«2021 жылы бюджет шығыстары 56 стратегиялық бағытты қамтыды және даму жоспарларының 263 индикаторына қол жеткізілді. Ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етті. Мәселен, өткен жылы 17 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қалалар мен ауылдарда 5,3 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері салынды. Жергілікті маңызы бар 1 287 шақырым автожол жаңғыртылды. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 3,7 млрд тоннаны құрады. Агроөнеркәсіптік кешенде 24 мыңнан астам инвестициялық жоба субсидиялаумен қамтылды», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.



Ол сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтерілгеніне назар аударды.



«Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласында педагогтардың, дәрігерлердің, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді. Тек осы мақсаттардың өзіне шамамен 950 млрд теңге жұмсалды. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге 422 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жалпы пандемияға қарамастан, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындады», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,354 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.