ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Шешім / Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қа...

Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарастырды

Шешім 23.06.2021, 11:08 1,969
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарастырды
Сурет:Gov.kz.
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарастырдыҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері қаралды. Бәсекелестікті...

Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарастырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері қаралды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин 4 кодекс пен 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқан Бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды. Заң жобасы экономиканың негізгі салаларында бәсекелестік ортаны кеңейтуге, сондай-ақ байланыс, теміржолмен жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарының, әуежайлар қызметтерінің, АӨК, көмір, фармацевтика, құрылыс және басқа да тауар нарықтарының жұмыс істеуіне бағытталған бәсекелестікті дамытудағы жаңа тәсілдерді қарастырады. Заң жобасы бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік және экономикалық кедергілерді жоюға бағытталған. Заң жобасында ұсынылған шараларды іске асыру таяу келешекте мемлекеттің ел экономикасындағы қатысу үлесін 14%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал бәсеке еліміздің жаңа экономикалық бағдарының негізгі болатын басты қағидаттардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан бәсекелестіктің ұзақ мерзімді жаңа саясатын жасаудың маңызы зор. Бұл бәсекелестік пен “жұмсақ құқық” құралдарын кеңінен қолдануға неғұрлым жетілдірілген жағдайлар жасауды талап етеді, мұның өзі заңнаманы бұзу қауіптерін төмендетуге жол ашады», — деді Асқар Мамин.



 Премьер-Министр бәсекелестікті дамыту биржалық сауда құралдарын тарату және негізгі инфрақұрылымдық қуаттарға қол жеткізу шарттарын кеңейту арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Үкімет басшысы мемлекеттік және жеке операторлардың түрлі салалардағы қызметін реттеу нормаларын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.