ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Үкімет 2022-2024 жылдардың бюджетін қарады

Үкімет 2022-2024 жылдардың бюджетін қарады

Экономика 24.08.2021, 09:40 1,461
Үкімет 2022-2024 жылдардың бюджетін қарады
Сурет: Vlast.kz
2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 
 
 Үкімет басшысы республикалық бюджеттің ұсынылып отырған жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық әрі уақытылы орындауға, сондай-ақ қазіргі жағдайда экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. 


Дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясатты іске асыру пандемияның салдарын жұмсартып, экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру процесін іске қосуға мүмкіндік берді. 
2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Атаулы ЖІӨ 2022 жылы 87,1 трлн теңгеден 2026 жылы 119,9 трлн теңгеге дейін өседі. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2022 жылы 4-6%-ды құрайды, кейіннен 2026 жылы 3-4%-ға дейін төмендейді. 


Шикізаттық емес сектор сапалы өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналады және экономика тұрақтылығының негізгі факторы болып қала береді. 


Бюджет шығыстарының негізгі бағыттары экономиканың нақты секторын, кәсіпкерлікті, әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін, мәдениет пен спорт салаларын, сондай-ақ қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз ету болмақ. 


Үкімет басшысы аталған заң жобалары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.