AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / ҰЭМ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының...

ҰЭМ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды

Экономика 10.06.2021, 08:07 1,928
ҰЭМ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды
Сурет:Gov.kz

2021 жылғы қаңтар-мамырдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын  алуда.


 Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.



«Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда экономиканы қалпына келтірудегі өсу 1,6%-ке жеделдеді. Ағымдағы жылғы 5 айда тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектордағы өсім 7,4%-ті құрады», - деді Ә.Ерғалиев.



Қызмет көрсету секторын жандандыру жалғасуда, экономиканың өндірмейтін салаларында жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Ішкі сұраныстың тұрақтануы аясында қызмет көрсету саласының өсуі 0,8%-ке жеделдеді.


Сондай-ақ өсу қарқыны машина жасауда - 21,1%, автомобиль жасауда - 26,4%, фармацевтикада - 25,7%, құрылыс материалдары өндірісінде - 21,4%, киім - кешек өндірісінде-19,3%, жиһаз жасауда-18,2% және пластмасса бұйымдары өндірісінде-17,3%-ке артты.


Инвестицияға келсек, тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға салынған инвестицияның өсуі 25,5%-ті құрады. Ең жоғары көрсеткіштер құрылыста - 2,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде - 82%, ақпарат және байланыс саласында-53%-ке байқалады.


ҰЭМ басшысы хабарлағандай, қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 28,1 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт – 16,7 млрд доллар. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 16,2%-ке 5,4 млрд долларға дейін өсті, тауарлар импорты 11,4 млрд долларды құрады. Осылайша, 5,3 млрд доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді.


2021 жылғы 5 айда орындалған құрылыс жұмысы көлемі 11,3%-ке өсті. 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,5%-ке жоғары. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы көлемі 3,1%-ке өсті.


ҰЭМ басшысы елдің макроэкономикалық тұрақтылығын сақтау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар инвестициялық жобалар пулы шеңберіндегі жобаларды белсенді іске асыруға, кәсіпкерлерді қолдау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге назар аударуы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ сатып алуларда қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыру, тұтыну тауарлары бағаларының серпінді мониторингі және тиісті тұрақтандыру шараларын қабылдау шараларын күшейту қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саксаул #вырубка #продажа #запрет #Қазақстан #экономика #дамуы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);