ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ тапсырушыларды енді екі камера бақылайтын бола...

ҰБТ тапсырушыларды енді екі камера бақылайтын болады

Білім және ғылым 03.02.2022, 07:37 1,629
ҰБТ тапсырушыларды енді екі камера бақылайтын болады
Сурет: Inform.kz
БҒМ министрі ҰБТ тапсыру кезінде қолданылатын жаңа тетікті атады

БҒМ министрі ҰБТ тапсыру кезінде қолданылатын жаңа тетікті атады


Биыл Ұлттық бірыңғай тест кезінде талапкердің сынақ тапсыру барысын 2 камера қадағалайтын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бұл - бізде жыл сайын дәстүрлі форматта өткізілетін тестілеу. Биыл оны ақпан айының соңына дейін жалғастырамыз. Өтініш білдірген барлық азамат осы тестіні тапсырып үлгеруі керек. Бұл міндетті грантты алуға бағытталған тест емес. Мұны кейбір азаматтарымыз дайындық ретінде қарайды. Басқалары жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсу үшін таңдайды, оған сертификаты жарамды. Қалай десек те, бұл тестілеу түлектеріміз үшін маңызды. Сондықтан осы жұмысты тиісті деңгейде жүргізуіміз керек», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.



Сонымен қатар ол биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында қолданылатын жаңа тетік жайында айтты.



«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл да электронды форматта өткізуіміз қажет. Ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету - басты міндеттің бірі. Биыл жаңа тетіктер де енгізіледі. Оның ішінде қосымша камера болады. Яғни, енді бір камера емес, 2 камера бір тест тапсырушыға арналып қойылады. Бір камера талапкердің тест тапсыру барысын қадағаласа, екінші камера сол адамның өзі отырған-отырмағанын белгіленген уақыттың ішінде суретке түсіріп, тіркейді. Тестілеудің басынан аяғына дейін басқа адам емес тесті тапсырушының өзі отырғанын бақылайды. Fist Id функциясы бар арнаулы камера болады. Сондықтан осы жоспарларды тиісті деңгейде орындау қажет», - деді министр.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.