AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-ны алмастыратын халықаралық тест дайындалып жа...

ҰБТ-ны алмастыратын халықаралық тест дайындалып жатыр

Білім және ғылым 20.11.2025, 15:31 1,181
ҰБТ-ны алмастыратын халықаралық тест дайындалып жатыр
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда Бірыңғай ұлттық тестілеудің жаңа халықаралық форматы пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек A мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Министрдің айтуынша, жаңа тест қазақстандық түлектерге әлемнің кез келген жоғары оқу орнына, сондай-ақ шетелдік университеттердің Қазақстандағы филиалдарына түсуге мүмкіндік береді. Жоба әзірге дайындық кезеңінде, ал оны толық енгізу 2027 жылдан ерте басталмайды.

Саясат Нұрбек қазіргі ҰБТ-ның кейбір халықаралық университеттер тарапынан сенімсіздікпен қабылданатынын атап өтті. Сондықтан жаһандық стандарттарға сай, әлемдік университеттер мойындайтын тест қажет.

«Бұл жаңа тест жоғары оқу орнына түсу үшін әмбебап, халықаралық деңгейде мойындалатын форматта болуы тиіс. Оны әзірлеуге кемінде тағы бір жыл қажет. 2027 жылдан бастап іске асады деп жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Жаңа форматты жасауға Қазақстан мамандары Educational Testing Service (ETS) ұйымында оқудан өтеді. Бұл — SAT, TOEFL секілді халықаралық тесттердің авторы.

Ал дәстүрлі ҰБТ қажеттілік жойылғанға дейін өткізіле береді. Министрдің айтуынша, болашақта талапкерлер халықаралық тестті жаппай қолдана бастаса, ҰБТ-ға деген сұраныс біртіндеп азаюы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #өзгеріс #халықаралық тест
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);