AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Түзеу мекемесіндегі жасөспірімдердің де денсаулығы...

Түзеу мекемесіндегі жасөспірімдердің де денсаулығы бақылауда

Медицина 09.04.2026, 11:34 272 Дина
Түзеу мекемесіндегі жасөспірімдердің де денсаулығы бақылауда
автордан

Алматы қаласының Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде, яғни балалар колониясында істі болған 65 жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Олардың тәртібі, тәрбиесімен қатар, денсаулығы да жіті бақылауда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сондықтан колония ішінде Дильнара Рашидинқызының жетекшілігіндегі медициналық бөлім де жүйелі жұмыс істеп тұр. Онда 15 дәрігер еңбек етеді. Олар жазасын өтеп жатқан сотталған жасөспірмдерге тұрақаты медициналық көмек көрсетіп, жылына екі рет жоспарлы түрде профилактикалық тексеруден өткізіп отырады. Колонияның медбөлімі Алматы қаласының №24 емханасымен әрдайым тығыз байланыста. Түзеу мекемесінде отырған жастарды профилактикалық тексеруден өткізуге осы емхананың дәрігерлері қолдау көрсетеді.

«Жуырда бізге №24 емхананың лор, хирург, окулист, эндрокринолог, психиатр, дермотолог, фтизиатр, ВОП, стаматолог мамандары шақыртылды. Жасөспірімдердің денсаулығын қарап шықтық. Бәрі жақсы. Егер арасында созылмалы ауруы бар балалар анықталса, олар өзіміздің медициналық бөлімнің бақылауына алынады, дәрі-дәрмек беріледі. Қажет болған жағдайда қаладағы ауруханалардан арнайы маман-дәрігерлер шақырылып, қосымша тескеру жұмысы жүргізіліп, қорытынды диагноз қойылып, қажетті ем-дом тағайындалады», – дейді №11 мекемесі медициналық бөлімінің жетекшісі Дильнара Рашидинқызы.

Айта кетсек, жасөспірімдер колониясы жуырда жаңа ғимаратқа көшірілген болатын. Сәйкесінше дәрігерлік бөлімі де жаңарып, заманауи медициналық аппараттармен жабдықталды. Мұнда рентген, стоматология кабинеті, УЗИ-жабдығы және құрт ауруына арналған оқшаулау орны бар. Түзеу мекемесіндегі әр маман балалардың жай-күйін, денсаулығын күндіз-түні бақылауда ұстайды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);