Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Тұтынуды азайтып, бай өмір сүру мүмкін бе? Эко-әде...

Тұтынуды азайтып, бай өмір сүру мүмкін бе? Эко-әдеттерді өміріне енгізген блогер шынайы байлықтың мәнін ұқтырды

Керек кеңес Бүгін 11:21 31
Тұтынуды азайтып, бай өмір сүру мүмкін бе? Эко-әдеттерді өміріне енгізген блогер шынайы байлықтың мәнін ұқтырды
Сурет: Жасанды интеллект, Aqshamnews.kz.

Эко-мәдениет елімізде жаппай қалыптасқан деуге келмес. Дегенмен, табиғатқа зиян тигізбей өмір сүруді сөзбен емес, іспен көрсетіп келе жатқан жандар да жоқ емес. Сондай жандардың бірі – Ақтау қаласының тұрғыны, экоблогер Гүлайым Қибасова. Ол бірнеше жылдан бері табиғатты қорғау идеясын күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған.

Гүлайым Қибасованың экологияға бет бұруы 2018 жылы Instagram желісінде пайдалы блог жүргізуден басталды. Бұл істі ол табыс көзі емес, жүрек қалауымен айналысатын сүйікті хоббиі ретінде көреді. Тіпті сұрыпталған қалдықтарды өткізуден түскен қаражаттың барлығын жануарларды қорғау ұйымдарына аударады. Экология тақырыбында лекциялар оқып, түйген-білгенін оқушылар мен жастарға үйретіп келеді.

Экология туралы білгенімді бөлісуге шақырса, қуана барамын. Осындай кездесулерден кейін адамдардың ойы өзгеріп, табиғатқа деген жауапкершілігі арта түседі", – дейді ол.

Істен көрінген жанашырлық

Гүлайымның экологиялық әрекеті тек қоқыс сұрыптаумен шектелмейді. Оның бастамасымен Атырауда "Зеленый уголок" жобасы қолға алынып, тұрғындар қауіпті қалдықтарды - дәрі-дәрмек, маска, шам, батарейка секілді заттарды бөлек жинап, утилизацияға жіберген. Блогер қазір басқа қалада тұрса да, бұл бастама жалғасын табуда.

Гүлайым ханымның мұрындық болуымен "Органика" чаты ашылған. Онда Ақтау мен Атырау тұрғындары тамақ қалдықтарын фермерлерге береді. Айтуынша, қазір чатта 200-ге жуық адам бар. Аптасына шамамен 200 келіге дейін ас қалдығы мал азығына айналады. Осылайша, тамақ қалдықтары қоқыс полигонына емес, пайдаға жаратылады.

Блогер бұған дейін үш дүкеннен картон жинап, қайта өңдеуге жіберіп тұрған. Қазір уақыт тапшылығына байланысты бұл істі тоқтатса да, қалдықтарды дұрыс сұрыптау жайлы ақпарат таратуды тоқтатқан емес.

"Тұтынуды азайтып, бай өмір сүр"

21 ғасыр - тұтыну дәуірі. Адамдар осы күні Гүлайым өз блогында тұтыну мәдениеті жайлы жиі айтады. Оның пікірінше, қазіргі қоғамда артық тұтыну белең алған. Ал шынайы байлық – заттың көптігінде емес, саналы таңдауда.

Ол азық-түлік дүкеніне барғанда артық қаптамадан бас тартуға, нанды қағаз пакетке салуға, қайта өңдеуге келмейтін пластиктен мүмкіндігінше аулақ болуға кеңес береді. Тамақ қалдықтарын мұқият сұрыптап, мұздатқышта сақтап, кейін фермерлерге тапсырады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, компост жасап немесе қала сыртына көміп, топыраққа қайтару керектігін айтады.

Тамақ қалдығы жалпы қоқысқа кетсе, ол – "баяу жарылатын бомба" сықылды. Полигондардағы өрттің, топырақ пен ауаның ластануының бір себебі – осы", – дейді экоблогер.

Эко-мереке мен ағаш егу мәдениеті

Гүлайым балаларға экологиялық мереке ұйымдастыру жолдарын да көрсетеді. Қымбат безендірусіз, табиғатқа зиян келтірмей-ақ, мазмұнды әрі әсерлі кеш өткізуге болатынын дәлелдеп жүр.

Ол оқырмандарын жиі ағаш егуге шақырады. Отбасымен бірге қаланы көгалдандыруға атсалысып келеді.

"Балаларымызға таза ауа қалсын десек, ағашты бүгін егуіміз керек", – дейді ол.

Сондай-ақ, табиғатты ластап кеткен адамдардың артынан қоқыс жинауға бір сағат арнауды да ерінбей еске салады. Оның айтуынша, кей адамдар әрекетінің салдарын әлі толық түсіне бермейді.

Екінші өмір сыйлау философиясы

Гүлайымның пәтері де – экологиялық өмір салтының айғағы. Ол жаңа зат сатып алуға асықпайды. Үйіндегі жиһаздардың көбі – бұрыннан бар, анасының қолданған дүниелері. Осылайша, заттарға «екінші өмір» сыйлап келеді.

"Қоқыс деп тастайтын заттардың 80 пайызы қайта өңдеуге жарайды", – дейді ол.

Блогер экологиялық бастамаларын бір кездері @atyraueco парақшасынан бастап, қазір сол қозғалыстың амбассадоры атанған.

Табиғат – өмірдің өзегі

Гүлайым үшін экология – тренд емес, өмірлік ұстаным. Табиғатты қорғау – өз болашағын қорғау деген сөз.

"Табиғат – біздің өміріміз. Біз соның арқасында өмір сүріп отырмыз. Оны аялау – әр адамның парызы", – дейді ол.

Осындай жанашыр жандар көбейген сайын, қоғам да саналы, қала да таза, болашақ та жарқын болмақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГУЛАЙЫМ TV 📺 ЭКО ЖИЗНЬ🌿ҚАЗ, РУСС контент (@obiknovennoe__chudo)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #Жанашыр #табиғат жанашырлары #Табиғатқа жанашырлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат

Бүгін 12:27

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Бүгін 12:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін 12:15

Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты

Бүгін 12:04

Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі