ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Түшкіру, жөтелудің де әдебі бар

Түшкіру, жөтелудің де әдебі бар

Медицина 16.03.2024, 10:49 1,706
Түшкіру, жөтелудің де әдебі бар
Биылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулезге қарсы күрес жалпы республикалық айлығы жүріп жатыр. Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада дәрігер-фтизиатр...

Биылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулезге қарсы күрес жалпы республикалық айлығы жүріп жатыр. Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада дәрігер-фтизиатр Қаракөз Өтемұратова мен СӨС кабинетінің мейірбикесі Асыл-Ажар Жанғазиева медицина мамандығына оқып жатқан студенттерге "Туберкулезді ерте анықтау" тақырыбында дәріс оқыды.


Туберкулез жас, әлеуметтік орта таңдамайтын, адамнан адамға ауамен таралатын кесел. Яғни өкпе туберкулезі бар адамдар жөтелгенде, түшкіргенде ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Сондай бактериялардың аз ғана мөлшерінің өзі жолындағысын "жайпап" кетуге қауқарлы. Сондықтан адамдар әсіресе, қоғамдық орындарда түшкіру, жөтелу әдебін де сақтағаны абзал. 



"Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті, олар жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырығымен бірге, түшкірген және сөйлеген кезде қоршаған ортаға миллиондаған микобактериялар бөледі. Ал оны иммунитеті тым әлсіз, дұрыс тамақтанбайтын және гигиеналық  тазалық сақтамайтын адамдар тез жұқтырып алады", – дейді дәрігер-фтизиатр  Қаракөз Өтемұратова.




Сондай-ақ ол туберкулезге жол ашатын маскүнемдік, темекі шегу, нашақорлық сынды факторлар туралы да атап өтті.
Жалпы, бұл кеселді жұқтырып алмаудың ең дұрыс жолы – жыл мезгілдеріне қарамастан таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу, дәрумендерге бай тамақтарды тұтыну, ұйқының дұрыс болуына мән беру, жеке гигиена ережелерін сақтау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.