AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түрксіб ауданындағы өрт сөндірушілерге діни экстре...

Түрксіб ауданындағы өрт сөндірушілерге діни экстремизмнің алдын алуға арналған түсіндіру шарасы өтті

Заң мен тəртіп 03.06.2025, 10:50 640 dulatbekova
Түрксіб ауданындағы өрт сөндірушілерге діни экстремизмнің алдын алуға арналған түсіндіру шарасы өтті
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жиын Саяхат сауда орталығында өтіп, радиомұнара арқылы көпшілікке таратылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шараның мақсаты – мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау. Дәрісті Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтану магистрі Мәдина Серікқызы Әлімғожинова жүргізді.

Маман өз сөзінде ҚР Конституциясы мен дін саласына қатысты заңнама нормаларына тоқталып, діни сенім бостандығы мен діни экстремизмнің айырмашылығын түсіндірді. Ол деструктивті ағымдардың әрекет ету жолдарын нақты мысалдармен көрсетіп, радикалды идеялардың адамдардың құқықтық және рухани әлсіздігін пайдаланатынын атап өтті.

Дәріс барысында қатысушыларға экстремистік ұйымдардың алдау тәсілдері мен олардан сақтану жолдары жайлы бейнематериал көрсетілді. Сонымен қатар, дінтанушы теріс діни мазмұндағы ақпараттарды тек ресми дереккөздерден алуға кеңес беріп, сенімге селкеу түсіретін топтармен байланыс орнатпау керектігін ескертті.

Іс-шара соңында қатысушылар дәрістің өзектілігін атап өтіп, ондағы мәліметтердің кәсіби қызметке де, жеке санаға да оң ықпал ететінін жеткізді. Өрт сөндіру саласында қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты сақтау басты міндеттердің бірі болып табылады.

Аталған іс-шара – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру – радикалды идеологияларға қарсы тұра алатын қоғамдық иммунитетті қалыптастырудың маңызды қадамы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#діни экстремизм #алдын алу #Алматы #түсіндіру шарасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);