ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданында мектептер жағдайы жақсаруда

Түрксіб ауданында мектептер жағдайы жақсаруда

Әлеумет 10.08.2021, 12:27 2,199
Түрксіб ауданында мектептер жағдайы жақсаруда
Сурет: Кt.kz
Түрксіб ауданында мемлекеттік мектеп кеңейтілуде және екі жаңа жеке меншік мектептің құрылысы аяқталып қалды.

Түрксіб ауданында мемлекеттік мектеп кеңейтілуде және екі жаңа жеке меншік мектептің құрылысы аяқталып қалды.


Алматының Түрксіб ауданында мектептердегі оқушылар орындарының тапшылығы 1600-ден асады. Осыған байланысты биыл ауданда үш мектеп кеңейтіліп, ескі ғимараттың орнына тағы бір мектеп салынады. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Б. Ақжаров Түрксіб ауданындағы 29 мектептің екеуі жекеменшіктікі екенін айтты. 32 442 оқушы бар, ал оқушы орындарының тапшылығы 1690-ды құрайды.


Бұл мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдар №170 мектептің жанынан 300 балаға арналған жаңа корпусты салуға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта нысанның дайындығы 90%-ды құрайды, құрылыс оқу жылының басына дейін аяқталады.


Сондай-ақ, Сейфуллин даңғылында 590 орынды жеке мектептің құрылысы аяқталуға жақын, нысан 93%-ға дайын. 2021 жылдың желтоқсанына дейін Қайрат шағын ауданында 1500 орынды мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.


Түрксіб ауданының әкімі Сауранбаев көшесінде бұрыннан бар ғимаратты бұзып, оның орнына №59 мектеп-гимназияның жаңа ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттардың әзірленіп жатқанын айтты. 


Б. Ақжаровтың айтуынша, ауданда мектепке дейінгі мекемелер мәселесі де шешілуде. Ауданда жұмыс істеп тұрған 93 балабақша жеткіліксіз, сондықтан «Жас қанат» шағынауданында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Ғимарат жыл соңына дейін салынып бітеді.



«Биыл "Қайрат" шағынауданында 260 орынды мемлекеттік балабақшаның құрылысы, сондай-ақ Стахановская көшесіндегі №70 санаторлық бөбекжайды күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту  жоспарлануда», - деді Түрксіб ауданының әкімі. 



Айта кетсек, 100 орынды №86 балабақшаны және Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығын сейсмикалық нығайту бойынша жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар 103 орынды үш жекеменшік балабақша бар.


Б. Ақжаров ауданның денсаулық сақтау инфрақұрылымы туралы айтты. Оның айтуынша, ауданда жеті қалалық емхана мен алты аурухана бар. Қосылған халықтың саны 247 мың адамды құрайды. Медициналық техникамен жабдықталу – 86%.



«Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін биыл "Нұршашқан" шағынауданында ауысымына 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория мен "Қайрат" шағынауданында ауысымына 500 келушіге арналған емхананың құрылысын бастау жоспарлануда», - деді Б.Ақжаров.



Сонымен қатар, Айбасов көшесінде бой көтеретін ауысымына 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.