AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде...

Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Барлығы 28.07.2025, 17:02 655
Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі
Алматы қаласы әкімдігі

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Түрксіб ауданында жылу желілерін жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жұмыс барысында 1965 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 4,1 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылып жатыр. 

Осыған байланысты 2025 жылы 29 шілдеден 31 тамызына дейін Лавренев көшесінің батыс жағында Наманганская көшесі, 43а үйден Майлин көшесіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі. Қос бағыттағы қозғалыс көшенің шығыс жағында ұйымдастырылады.

Құбырдың жол бойының астынан өтетін бөлігін қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. Қайта жаңарту кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі.

Аталған жылу трассасы 42 көпқабатты тұрғын үйді, балабақшаны, емхананы және тағы 4 нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қозғалыс шектеуі туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);