Жергілікті байқаушылардың жұмысына қажетті жағдай жасалған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
ТүркПА Бас хатшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бектур Базакечов (Қырғызстан) Алматыдағы брифингте миссия жүргізген бағалау сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.
Оның сөзінше, сайлау учаскелері заңнама талабына сәйкес дайындалған. Ақпараттық материалдар тұрғындарға түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынылып, жергілікті байқаушылардың жұмысына қажетті жағдай жасалған.
«Бұл сайлау үдерісіне қатысушылардың саяси белсенділігі жоғары екенін аңғартады. Учаскелерде дауыс беру қалыпты әрі іскерлік ахуалда өтіп жатыр», – деді ол.
Бектур Базакечовтың айтуынша, Алматыда миссия өкілдерінің аумақтық сайлау комиссиясы, саяси партиялар және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылған. Мониторинг барысында сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық нормаларды бұзу дерегі тіркелмеген.