AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркістан облысындағы өрт: екі адам ауруханадан шы...

Түркістан облысындағы өрт: екі адам ауруханадан шықты, бүлдіршін көз жұмды

Оқиға 03.12.2025, 15:50 379 Сұлу
Түркістан облысындағы өрт: екі адам ауруханадан шықты, бүлдіршін көз жұмды
"7 арна" кадры

Түркістан облысының Жетісай ауданы, Алғабас ауылында болған алапат өрттен зардап шеккен екі науқас ауруханадан шығарылды. Оларға қазір амбулаториялық ем тағайындалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тиілшісі.

Сәрсенбаеваның айтуынша, өрттен аман қалған 1986 жылғы ер адам мен 1990 жылғы әйелдің жағдайы жақсарып, 30 қарашада стационардан шығарылған.

"Түркістан облысында өрттен зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. 30 қарашада олар ауруханадан шығарылып, амбулаториялық емге жіберілді", – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бұл екі пациент Шымкент қалалық ауруханасынан шыққаннан кейін жағдайын әрі қарай бақылау үшін Жетісай аудандық ауруханасына қайта жатқызылғанын айтты.

Ауруханадан шыққан 1986 жылғы ер адам осы қайғылы оқиғадан үш күн бұрын көз жұмған жеті жасар қыздың әкесі екені белгілі болды.

2018 жылғы қыз бала көз жұмды

Өрттен аман қалған 2018 жылы туған бүлдіршіннің жарақаты өте ауыр болған.

"Өкінішке қарай, 2018 жылғы қыз бала 30 қарашада алған жарақатының ауырлығына байланысты қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", – деді Гүлнар Сәрсенбаева.

12 адамның өмірін қиған өрт

Еске салайық, 18 қарашада сағат 05:36-да Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында екі қабатты жер үй өртке оранған. Оқыс оқиға салдарынан 12 адам, оның ішінде тоғыз бала қаза тапты.

Өрт кезінде үш адам ауруханаға жеткізілген еді. Алайда ем-домға қарамастан, кейін 2018 жылғы қыз бала ауруханада жан тапсырды.

Қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысының полиция департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір өрттің нақты себебі мен жауапты тұлғалар анықталып жатыр.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #алғабас #өрт #отбасы #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);