AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдасты...

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Заң мен тəртіп 31.03.2026, 12:10 655
Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды
depositphotos.com

Түркістан облысында Сарыағаш ауданының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қомақты ақша тапқан, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ол бірнеше үй-жайды жалға алып, онда ойын автоматтарын орнатқан және интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімді еткен. Заңсыз қызметтен түскен жалпы табыс 20,9 млн теңгеден астам сомаға жеткен.

Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда, заңсыз алынған табыстың тағдыры туралы мәселе шешілмеген күйінде қалды.

Жоғарғы Соттың түсіндірмелеріне сәйкес, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған табыс кінәлі адамнан алынуға және мемлекет пайдасына өндірілуге тиіс.

"Бұл ереже қандай да бір шығыстарды шегермей, тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуден алынған қаражаттың барлық сомасына қолданылады. Бас прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот актілері өзгертілді.

Сотталған адамнан ойын бизнесін ұйымдастырудан түскен заңсыз табыс – 20 909 365 теңге мемлекет пайдасына өндірілді", – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #Заңсыз ойын #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);