AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркістан облысында Қырғызстаннан жеткізілген конт...

Түркістан облысында Қырғызстаннан жеткізілген контрабандалық темекі тәркіленді

Оқиға 16.07.2026, 11:17 358
Түркістан облысында Қырғызстаннан жеткізілген контрабандалық темекі тәркіленді
ашық дереккөз

Түркістан облысында Қырғызстаннан темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаумен айналысқан топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкеліп, оны Түркістан облысы мен еліміздің батыс өңірлерінде сатқаны анықталған. Тексеру кезінде жалпы құны 103 млн теңгенің темекі өнімдері тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, облыста жалған кәсіпорындар арқылы шамамен 200 млрд теңгенің шетелге заңсыз шығарылғаны анықталды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 235-1-бабы 3-бөлігі («Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасынан заңсыз әкету, жөнелту немесе аудару») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сондай-ақ прокуратура шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың әшкереленгенін хабарлады. Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен түскен қаржының бір бөлігі мемлекеттік орган қызметкерлеріне пара ретінде берілгені анықталған.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық схемаға қатысы бар 23 адам анықталып, олардың бесеуі қамауға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);