AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркістан облысында полицеймен атысқан ер адам көз...

Түркістан облысында полицеймен атысқан ер адам көз жұмдым

Оқиға 18.11.2025, 11:04 422 Сұлу
Түркістан облысында полицеймен атысқан ер адам көз жұмдым
depositphotos.com

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан оның бұрынғы жұбайы қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Полиция келген уақытта мылтық ұстаған ер адам жүгіріп шығып, көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылды. Заңсыз әрекеттер мен басқаларға қауіп төндірмеу үшін аумақ толығымен қоршауға алынды.

"Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы заңды талаптарына қарамастан, ер азамат бағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды. Шабуылға тойтарыс беру және өмірге қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу үшін полицейлер ауаға ескерту оқтарын атты. Алайда құқықбұзушы ескертулерге тоқтамағаннан кейін, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылды. Құқықбұзушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - делінген Түркістан облысы Полиция департаменті таратқан ресми ақпаратта.

Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажет жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұдан бұрын Түркістан қаласында 500 орындық тергеу изоляторы салынатыны туралы жазған едік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #полиция #атыс #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);