AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түркістан облысында 20,2 млн теңге субсидияны заңс...

Түркістан облысында 20,2 млн теңге субсидияны заңсыз алған кооператив төрайымы сотталды

Заң мен тəртіп 13.03.2026, 10:56 350 Дина
Түркістан облысында 20,2 млн теңге субсидияны заңсыз алған кооператив төрайымы сотталды
ашық дереккөз

Түркістан облысының Арыс ауданында агроөнеркәсіп саласында аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Арыс ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекеттік субсидияларды заңсыз алу фактісі прокурорлық тексеру барысында белгілі болды. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлім етті.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдың сәуір айында «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізуді ұйымдастырған. Құжаттарда кооперативтің жалға алғаны туралы жалған деректер көрсетілген.

Атап айтқанда, жүйеге:

  • 2 470 бас аналық ірі қара;

  • селекциялық жұмыс жүргізуге арналған 120 асыл тұқымды бұқа жалға алынғаны туралы мәлімет енгізілген.

Осы ақпараттың негізінде кооперативтің есепшотына мемлекеттен 24,7 млн теңге көлемінде субсидия аударылған.

Алайда тексеру кезінде шын мәнінде селекциялық жұмыс тек 18 асыл тұқымды бұқа мен 450 бас аналық малға ғана жүргізілгені анықталды.

Осылайша, заңсыз алынған субсидия көлемі 20,2 млн теңгені құраған.

Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша, яғни аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

2026 жылғы 20 ақпандағы сот үкімімен кооператив төрайымы кінәлі деп танылды. Сот оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырды.

Заңсыз алынған 20,2 млн теңге бюджет қаражаты толық көлемде өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылды.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);