AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ар...

Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті

Тәуелсіздік-30 29.11.2021, 04:50 1,304
Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті
Сурет: Egemen.kz

Еуразия симфониялық оркестрі Түркия сахнасында өнер көрсетті


Сенбі күні Түркия Республикасы Мәдениет министрлігінің Президенттік симфониялық оркестрінің концерттік залында Еуразия симфониялық оркестрінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерті өтті. Шараны Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Елшілігінен мәлім еткендей, концертте Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры, есімі әлемге танымал скрипкашы Айман Мұсақожаева өнер көрсетті. Сонымен қатар, опера әншісі Талғат Мұсабаев, дарынды композитор Рахат-би Әбдісағын өз өнерлерін тыңдарманға паш етті. Концерт дирижері – Айдар Торыбаев.



Сондай-ақ, қазақтың қара домбырасымен халқымыздың дәстүрлі күйлерін орындаған «Шабыт» домбырашылар оркестрі көрерменді өнерлерімен тәнті етті. Ал Еуразия симфониялық оркестрі отандық және әлемдік музыка классикаларын орындап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.


Салтанатты кешке Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Анкарадағы дипломатиялық миссия басшылары, дипломаттар, Түркия мемлекеттік органдар басшылары, университет оқытушылары, зиялы қауым, диаспора, Анкарада білім алып жатқан студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.


Концерттің ашылу салтанатында Елші Абзал Сапарбекұлы сөз сөйледі.



«Ғаламға ортақ тіл – музыка мен өнер қашанда адамдардың басын қосқан. Осы тұрғыда өнер Қазақстан-Түркия қарым-қатынасындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Шындығында, біздің халықтарымыз ежелден ортақ құндылықтарды біріктіріп келеді. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыраның Түркияда ерекше ықыласпен тыңдалуы бауырластығымызды одан әрі нығайтудa», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнер #Концерт #симфониялық оркестр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);