ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Түркияда президент сайлауының екінші туры өтіп жат...

Түркияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр

Әлем 28.05.2023, 08:00 1,391
Түркияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр
Сурет: Inform.kz
Елде дауыс беруге арналған 191 мыңнан астам жәшік орнатылған

Елде дауыс беруге арналған 191 мыңнан астам жәшік орнатылған


Түркияда 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-ден президент сайлауының екінші туры басталды, ол 13-ші мемлекет басшысы кім болатынын көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Осылайша, бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері таңғы 8:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылады. Елде дауыс беруге арналған 191 мыңнан астам жәшік орнатылған.


Түркиядағы президент сайлауына екі кандидат қатысып жатыр - қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған және біріккен оппозицияның жетекшісі Кемал Кылычдароғлу.


14 мамырда өткен дауыс берудің бірінші турының қорытындысы бойынша ел президенті анықталған жоқ, өйткені жетекші кандидаттар сайлаушылардың 50+1 дауысының шекті көрсеткішін ала алмады. Сонымен бірге президенттікке үміткерлер Синан Оган мен Мухаррем Индже сайлаудан халықтың қолдауы болмағандықтан шығып қалды.


Президент сайлауында сайлаушылар жеке басын куәландыратын ресми құжаттардың бірімен дауыс бере алады.


Сайлаушыларға президенттікке үміткер екі кандидаттың есімі жазылған бір бюллетень беріледі. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмайтын азаматтар үшін «мобильді жәшіктер» жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар адамдардың жеке санаты арнайы дайындалған шаблон бойынша өз дауыстарын бере алады.


Сонымен қатар, Түркияның жоғарғы сайлау комиссиясы ақпан айындағы жер сілкінісінен зардап шеккен елдегі 11 провинциясында дауыс беру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Бұл өңірлерде дауыс беру жәшіктері арнайы бөлінген контейнерлер мен мектептерде орнатылған.


Шетелдегі учаскелерде дауыс беруге 3,5 млн астам адам қатысты. Олар үшін 73 елде және 156 шетелдік өкілдікте сайлау комиссиялары құрылды. Шетелде тұратын Түркия азаматтарына дауыс беру процесі 24 мамырда аяқталды.


Сайлау учаскелері сағат 17.00-де жабылғаннан кейін дауыстарды санау басталады. Сайлау қорытындысы кешкі сағат 21:00-ден кейін жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.