ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Түркияда өткен фестивальде «Қазақфильм» киностудия...

Түркияда өткен фестивальде «Қазақфильм» киностудиясы арнайы жүлдемен марапатталды

Мәдениет 14.11.2021, 07:37 1,138
Түркияда өткен фестивальде «Қазақфильм» киностудиясы арнайы жүлдемен марапатталды
Cурет: Қазақфильм
Кинофестивалге биыл 13 елден барлығы 42 кинотуынды қатысты

Кинофестивалге биыл 13 елден барлығы 42 кинотуынды қатысты


Ыстанбұл қаласында өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестивалінің салтанаттында Ш.Айманов «Қазақфильм» киностудиясы «Түркі елдері кинематографиясына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдемен марапатталды. Бұл награданы киностудияның президенті Ақан Сатаевқа табыстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.


Марапаттау салтанаты әдеттегідей қызыл кілем үстінен өті рәсімімен басталды.  Бұл шараға Қазақстанның делегациясы – Қазақстанның халық артисі Асаналі Әшімов, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, киностудияның өндіріс бойынша вице-президенті Айдар Баталов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕҚ Бас продюсері Адай Әбілдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рустем Әбдірашев, актер Берік Айтжанов, актер Еркебұлан Дайыров актрисалар Альмира Тұрсын және Мадина Есманова, режиссер Нұрғиса Әлмұрат, продюсер Нұрлан Қоянбаев және басқалары қатысты. Фестивальдің жабылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты.


Айта кетсек, фестиваль шеңберінде Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан министрлері жоғарыда аталған мемлекеттерде «Қоқыт ата» фестивалін өткізу, сондай-ақ кино өнері саласында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.


Түркияда алғаш рет өткізіліп отырған Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестивалінде биыл 13 елден барлығы 42 кинотуынды қатысты.


Фестивальдің ашылу салтанатында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.