AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түркия ғалымдары альцгеймер ауруын ерте анықтайтын...

Түркия ғалымдары альцгеймер ауруын ерте анықтайтын технология ойлап тапты

Әлем 03.04.2024, 09:59 1,067
Түркия ғалымдары альцгеймер ауруын ерте анықтайтын технология ойлап тапты
Сурет: Islam.kz

Түрік Таяу Шығыс техникалық университетінің (Orta Doğu Teknik Üniversitesi, ODTÜ, METU) ғалымдары Альцгеймер ауруының қаупін ерте анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі технологияны ойлап тапты.



METU университетінің информатика институтының педагогикалық кеңесінің және нейроғылым және нейротехнология саласындағы Біріккен қолданбалы зерттеулер орталығының басқарма мүшесі Ешим Айдын Сонның айтуынша, ол сілекейден алынған үлгіні пайдалана отырып, генетикалық тестілеу арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол бұл жаңашылдық дәрігерлерге диагноз қою кезінде айтарлықтай көмек көрсететінін атап өтті.




«Бізге 65 жастан асқан есте сақтау қабілетінің төмендеуі сияқты альцгеймер ауруының  белгілері бар адамдар келеді. Біз генетикалық сараптама жүргізгеннен кейін дәрігерлер оның нәтижесін клиникалық көрініспен біріктіріп, соның негізінде диагноз қоя алады», - деп түсіндірді ол.




Оның айтуынша, зерттеу тобының мүшелері жасанды интеллект көмегімен халықаралық жұмыс топтары жасаған үш ауқымды деректер жиынтығын талдау негізінде аурудың ерте сатысында даму қаупінің индикаторы бола алатын генетикалық профильдерді анықтайды.




«Біз әзірлеген әдіс бойынша сынаққа қатысушылардан сілекей үлгілері алынып, олардың ДНҚ-сы анықталады. Зерттеулер аурудың қаупін 1,5-2 есе арттыратын генетикалық өзгерістерді анықтады. Біздің жоба аясында молекулалық диагностикалық жинақтың прототипі әзірленді», - деп жалғастырды ол.




Бұл әдіс Альцгеймер ауруымен ауыратын 100 науқасқа қолданылды.


Ғалым Альцгеймер ауруын ерте диагностикалаудың кейінгі емдеуде маңызы зор екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия ғалымдары #технология #альцгеймер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);