AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Туризм және спорт министрі өңірлік спорт басқармал...

Туризм және спорт министрі өңірлік спорт басқармалары басшыларымен жылды қорытындылады

Әлеумет 10.12.2024, 12:45 679 Nursok82
Туризм және спорт министрі өңірлік спорт басқармалары басшыларымен жылды қорытындылады
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Елордада Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жиынға министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары мен өкілдері қатысып, 2024 жылды қорытындылады. Кеңесте өңірлік спорт басқармаларының басшылары мен өкілдері өз облысындағы спорт инфрақұрылымы, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ жастарды спортқа баулу мәселелері бойынша есеп берді. Сонымен қатар облыстардағы спорттың жай-күйі, қордаланған мәселелері ашық талқыға салынып, шешу жолдары ұсынылды.

Министр спорттың қоғамдағы маңызы мен дене шынықтырумен айналысудың адам денсаулығы мен өмір сапасына әсерін атап өтті. Сонымен қатар ол спорт саласының дамуында кездесетін кедергілерді шешуге бағытталған нақты шараларды ашық талқылаудың қажеттігін жеткізді. Жиында спорт инфрақұрылымын дамыту, әсіресе ауылдық жерлердегі спорт алаңдарының санын көбейту, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып жаңа спорт нысандарын салу мәселелері көтерілді. Бұдан басқа, спорт саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, спортшыларды қолдау шараларын күшейту туралы да ұсыныстар айтылды.

Ербол Мырзабосынов өңірлердегі спорттың жай-күйін жан-жақты талқылап, аймақ спортын дамытуға қатысты нақты қадамдарды айтты. Министр алдағы уақытта спорт саласындағы жетістіктерді арттыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, өңірлік басқармалардың жұмысын үйлестіру және жергілікті деңгейде спорттық іс-шараларды көбейту қажеттігін де атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #спорт #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);