ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Туризм және спорт министрі Бекзат Саттарханов пен...

Туризм және спорт министрі Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті

Спорт 13.10.2024, 15:15 953
Туризм және спорт министрі  Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті
Сурет: Gov.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада саңлақ спортшылардың аналармен кездесті. Атап айтқанда, даңқты боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың аяулы анасы...

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада саңлақ спортшылардың аналармен кездесті. Атап айтқанда, даңқты боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың аяулы анасы Сырлыкүл Саттарханованы және әлемге мәшһүр мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің ардақты анасы Оксана Тенді қабылдады. Бұл туралы сала министрлігінің сайтында хабарланды.

Министр халықаралық аренада еліміздің көк Туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды байрақты бәсекелерде шырқатқан саңлақтар бүгінде арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау және есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында қос ананың аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.

«Халқымыз «Алып анадан туады» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам бойындағы асыл қасиет пен таудай талап ананың ақ сүтімен дариды. Ана баласына берген тәрбиесі мен шексіз махаббаты оның болашағына жарқын жол ашады. Сіздер ұлдарыңызды спорт үйірмесіне қаршадайынан жетелеп апарып, чемпион атануы үшін барлық жағдайды жасадыңыздар. Саңлақтарымыз арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау, есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүргендеріңізге куәміз. Батырларымыздың аты өшпей, әлі күнге дейін жас жеткіншектердің кумирі болып келе жатқаны ең алдымен, сіздердің арқаларыңыз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ Министр кездесу барысында Бекзат пен Денистің ел спортына сіңірген еңбегі мен жанкүйер жүрегінде сақталған жарқын бейнесін жаңғырту баршамызға ортақ міндет екенін айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта қос саңлақты жастар арасында насихаттау мақсатында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Бекзат Саттарханов – 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ жастар арасында әлем және Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанған.

Денис Тен – 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің күміс және қола медаль иегері. Сонымен қатар төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, Азия ойындары мен Универсиада чемпионы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.