ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Түрік мәдениеті орталығында «Дәстүр жалғастығы: б...

Түрік мәдениеті орталығында «Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» көрмесі ашылады

Мәдени Алматы 28.10.2025, 12:02 505
Түрік мәдениеті орталығында  «Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты»  көрмесі ашылады
Алматы қаласы әкімдігі
2025 жылы 30 қазан күні сағат 18:00-де Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдігі) Түрік мәдениеті орталығында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» атты...

2025 жылы 30 қазан күні сағат 18:00-де Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдігі) Түрік мәдениеті орталығында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» атты көрмесі ашылады. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылып отыр. 

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Нидерланд Корольдігі арасындағы мәдени байланысты нығайту, сондай-ақ Ұлы Дала халқының бай тарихын, көшпелі өркениеттің мәдениетін, қазақ халқының дәстүрлі тұрмысын, философиясы мен дүниетанымын кеңінен таныстыру.

Экспозицияда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-тен астам бірегей жәдігер ұсынылады. Олардың арасында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен қолданбалы өнерін бейнелейтін этнографиялық бұйымдар, тарихи фотосуреттер және қазақ пен түркі халықтарының музыкалық аспаптары бар.

Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы 10 қыркүйекте орнатылған. Амстердамдағы Түрік мәдениеті орталығы – түркі мәдениеті мен өнерін әлемге кеңінен танытуды мақсат еткен беделді ұйым.

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы қаласы тарихы музейі – еліміздің мәдени және қоғамдық өміріне белсенді үлес қосып келе жатқан заманауи мәдени мекемелердің бірі. Соңғы жылдары бірлестік халықаралық серіктестік бағытында айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Музей қорларындағы ерекше топтамалар бұған дейін Сеул (Корея Республикасы), Ыстамбұл (Түркия), Неаполь (Италия), Вена (Австрия), Прага (Чехия), Карцаг (Венгрия) және Белград (Сербия) қалаларында таныстырылды.

2025 жылы маусым айында Париж қаласында (Франция), ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өткен көрме ұлы композитор, дирижер және күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды.

«Дәстүр жалғастығы: бабалар аманаты» көрмесі – Ұлы Дала мәдени мұрасын Еуропа халқына танытатын, қазақ руханияты мен тарихының терең тамырын паш ететін маңызды мәдени оқиға болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,177 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.