Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғындар қаланы көркейтуге белсенді атсалысуда

Тұрғындар қаланы көркейтуге белсенді атсалысуда

Әлеумет 20.01.2025, 11:13 601
Тұрғындар қаланы көркейтуге белсенді атсалысуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 2025 жылы 17,1 млрд теңгеге «Халық қатысатын бюджет» жобаларын жүзеге асыру жалғасады

Алматыда жергілікті тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Үш жыл ішінде мегаполисте 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындардың ұсынысын ескере отырып, жайлы қалалық орта құрудың тиімді құралына айналды. Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті. 2025 жылғы қала бюджетінде «ХҚБ» жобаларына 17,1 млрд теңге қарастырылған.

«ХҚБ» бағдарламасы аясында Алатау ауданындағы қараусыз қалған бос жер көрікті скверге айналды. Жобаның авторы Гаухар Шералиеваның бастамасымен жергілікті тұрғындар әкімдікпен тығыз жұмыс істеп, аумақты көркейтті. Жаяу жүргіншілер жолдары, аркалар, орындықтар, демалыс аймақтары, жарық шамдары мен автотұрақтар салынды. Сондай-ақ скверге ағаштар мен бұталар отырғызылып, ауданның келбеті айтарлықтай өзгерді.

Наурызбай ауданында тұрғындар аудан әкімдігімен бірлесіп «Шұғыла» тұрғын үй кешенінің аумағын түрлендірді. Мұнда балалар және воркаут алаңдары, баскетбол алаңы, амфитеатр, демалыс орындары, орындықтар мен әткеншекті бар «Арбат» жасалды. Бірегей сәулеттік стильдегі шағын формалар мен жарықтандыру тіректері кеңістікті ерекшелей түсті.

Әуезов ауданында да бірқатар жоба жүзеге асты. Жергілікті тұрғындардың бастамасымен 2-шағын аудандағы аула және 1-шағын аудандағы қараусыз қалған аумақ көріктендірілді. Қоғамдық кеңістіктерде ағаштар мен бұталар отырғызылып, суару, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды.

«Өтінішімізге назар аударған билікке көп рахмет. Бірнеше айдың ішінде қараусыз қалған бұл учаске жайлы скверге айналды», – деді тұрғын Лариса Миргалиева.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы қалалық инфрақұрылымды жақсартып, Алматының барлық тұрғыны үшін жайлы орта құруға септігін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халық қатысатын бюджет #инфрақұрылым #Жайлы орта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.