AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтың атында жылжым...

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтың атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс

Әлеумет 25.04.2022, 06:54 1,175
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтың атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс
inform.kz

Жылжымайтын мүлкі бола тұра, тұрғын үй кезегіне тіркелгендер бар – Отбасы банк


Тұрғын үй кезегіне тұрған кейбір қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі бар болып шықты. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Тұрғын үй кезегінде тұрған 46 азаматтың өтінімі кері қайтарылды. Себебі олардың жылжымайтын мүлкі бар. Ал ереже бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азамат атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Демек, жергілікті әкімдік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тексермей, үй кезегіне қоя береді деген сөз», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Банк басшысының айтуынша, кейбір әкімдіктер тұрғын үй кезегінде тұрғандарға мониторинг жүргізбейді.



«Сонымен қатар 52 клиенттің салық бойынша қарызы болған. Сол сияқты 46 клиенке төлем міндеті жүктелген. Бұл дегеніміз аталған азаматтардың басқа банк алдында қарызы бар деген сөз. Олар басқа банк есепшотындағы қаржысын меңгере алмайды. Біз қазір бұл мәселені шешудің заңды жолын қарап жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті заңнаманың жобасы әзірленді. Ол қазір Мәжілістің қарауында жатыр. Бұл - Қазақстанда алғаш қолға алынып отырған жоба. Яғни мемлекеттен субсидия алу үшін арнайы есепшоттың болуы. Ол есепшотқа түскен қаржыны басқа банк бізге қарыз деп шешіп алмауы тиіс. Егер ол азаматтың салық бойынша қарызы болса да, мемлекет беріп тұрған басқа мүмкіндікті пайдалануға құқығы бар», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрғынүй #отбасы #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);