AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғыл...

«Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы

Білім және ғылым Бүгін 15:53 51 yakiya
«Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы
dknews.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығының құрамында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған 10 инновациялық зертхана жұмыс істейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Орталық ғалымдары климаттың өзгеруі мен оны модельдеу, цифрлық картография және қолданбалы геодезия, GlobalSky атмосфералық зерттеулер зертханасы, тұрақты туризм, сондай-ақ су ресурстары сапасының құрамын талдау бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуде. Сонымен қатар мұнда ландшафттардың деградациясына геоақпараттық талдау жасау, геодемографиялық және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді зерттеу, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, топырақ экологиясын зерделеу және қоршаған орта жай-күйіне кешенді мониторинг жүргізу жұмыстары жүзеге асырылады.

Ғылыми орталықтың басты мақсаты – қоршаған ортаның жаһандық өзгерістері жағдайында табиғат пен қоғам арасындағы өзара ықпалдастықтың заңдылықтарын анықтау. Осы мақсатта Қазақстан өңірлерінің орнықты дамуына ықпал ететін, табиғи ресурстарды тиімді әрі ұтымды пайдалануға негізделген «жасыл» технологиялар әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.

Орталықтың негізгі ғылыми бағыттарына геожүйелердің, топырақ жамылғысының, жер бедері мен ландшафттардың табиғи және антропогендік өзгерістерін зерттеу, табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерін қалыптастыру, өңірлік орнықты дамудың ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ геоақпараттық технологиялар мен картографияны дамыту жатады.

Орталық ғалымдары Батыс Қазақстан аумағындағы климаттық өзгерістерді сипаттайтын 60-тан астам тақырыптық карта әзірледі. Олардың қатарында өңір ландшафттарының бұзылу деңгейін бейнелейтін карта алғаш рет жасалды. Сондай-ақ 323 көл мен су нысанына кешенді талдау жүргізілді.

Бұдан бөлек, Каспий теңізі деңгейінің өзгеру динамикасына және топырақ сапасына мониторинг жасалып, жерасты суларының жай-күйін бағалаудың ғылыми-әдістемелік негіздері әзірленді. ҚазҰУ ғалымдарының сараптамалық қорытындыларына сәйкес, еліміздің әрбір өңірі үшін алдағы 30 жылға арналған климаттық өзгерістер болжамын әзірлеу аса маңызды. Өйткені бүгінгі таңда жергілікті табиғи ерекшеліктерді, ресурстық әлеуетті және экономиканың басым бағыттарын ескеретін өңірлік бейімделу стратегиялары жеткілікті деңгейде қалыптаспаған.

 Осындай кешенді жол картасы алғаш рет Батыс Қазақстан облысы мен Жайық өзені алабы үшін әзірленді. Өткен жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде ҚазҰУ-дың «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығының филиалы ашылды. Бұл бастама университеттің орнықты даму саласындағы ғылыми әлеуетін өңірлік жоғары оқу орындарымен бөлісуге, тәжірибе алмасуды дамытуға және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Орталық қызметінің маңызды нәтижелерінің бірі – ғылыми зерттеулердің қоғам мен экономиканың нақты қажеттіліктерімен ұштасуы. Осы арқылы өңірлердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және елдің орнықты дамуына ғылыми негізделген шешімдер ұсынуға мүмкіндік туып отыр.

Орталық зертханаларының ғылыми қызметі туралы толық ақпаратпен ecokazwest.kz/labs сайтында танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инновация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05

Суперкомпьютер орталығы

Бүгін 15:49

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығы ашылды.

Бүгін 15:45

ҚазҰУ-да еліміздегі алғашқы «Quantum AI» зертханасы іске қосылды

Бүгін 15:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);