AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады?

Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады?

Медицина 17.09.2021, 05:02 1,527
Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады?
24.kz

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кімге тұмауға қарсы екпе тегін салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Тұмауға қарсы екпе жыл сайын салынады. Қазір Алматыда тұмауға қарсы вакцина салуға дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді»,- деп атап өтті басқармадағылар.



Биыл тұмауға қарсы екпе салу 1 қазанан басталады. Салынатын «Гриппол плюс» вакцинасы Ресейде өндірілген.



«Бірінші кезекте тәуекел тобындағы тұрғындарға салынады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызмет емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз екпе жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасайды. Олар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті», - деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасы.



Екпе салдырар алдында азамат өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды. Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады. Ақылы негізде жеке медициналық ұйымдарда тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі. Ол тұрғындардың өтініші бойынша ерікті түрде жасалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #денсаулық #тұмау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);