ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Тұмаудан коронавирустың қандай айырмасы бар – мама...

Тұмаудан коронавирустың қандай айырмасы бар – маман кеңесі

Медицина 03.10.2023, 09:56 1,444
Тұмаудан коронавирустың қандай айырмасы бар – маман кеңесі
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 
Эпидемиялық маусымның басталуына байланысты дәрігерлер ЖРВИ, тұмау және COVID-19 ауруының ең жиі кездесетін белгілерін, инкубациялық кезеңдерін және ұзақтығын еске салып, өз кеңестерін ұсынады,...
Эпидемиялық маусымның басталуына байланысты дәрігерлер ЖРВИ, тұмау және COVID-19 ауруының ең жиі кездесетін белгілерін, инкубациялық кезеңдерін және ұзақтығын еске салып, өз кеңестерін ұсынады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Аурулардың айырмашылығы туралы дәрігер-терапевт Ирина Андреева түсініктеме берді.


"Ауру белгілерін (симптомдарын) нақты тізбектеп беру мүмкін емес. Сайып келгенде, тек коронавирус тесті немесе дәрігер анық-қанығын нақтылай алады. Алайда, айырмашылықтар, әрине бар, мысалы, ауру белгілерінің жиілігіне байланысты", - деп МедикФорум Андрееваның сөзін келтіреді.

Суық тию


Белгілері: мұрыннан су ағу, жөтел, тамақтың ауруы.


Сирек орын алатын тағы бір белгілері: жоғары температура немесе аса жоғары температура.


Инкубациялық кезеңі: инкубациялық кезең әр түрлі болуы мүмкін: екі күннен 14 күнге дейін.


Ұзақтығы мен жұқпалылығы: суық тию, әдетте бір апта бойында жұқпалы деп саналады.




COVID-19


Белгілері: жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, дененің қызуы.


Сондай-ақ пайда болуы мүмкін тағы бір белгілері: бас ауруы, дененің ауыруы, жалпы әлсіздік, ентігу.


Сирек орын алатын тағы мынандай белгілер болуы мүмкін, мысалы: жүректің айнуы, іштің өтуі, яғни диарея, конъюнктивит, терінің бөртуі, лимфа түйіндерінің ісінуі.














Инкубациялық кезең: орташа есеппен 4-6 күн. 













Ұзақтығы: аурудың жүру ұзақтығы оның ауырлығына байланысты.


"Аурудың жеңіл және орташа ауыр түрінің белгілері пайда болғаннан кейін 10 күннен соң жұқтыру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Алайда, кейбір ауыр науқастарда ауру басталғаннан 8-15 күн өткеннен соң жағдайдың нашарлауы байқалады", – деп түсіндіреді Андреева.

Тұмау


Белгілері: Суық тию белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, тұмаудың белгілері олардан айтарлықтай ерекшеленеді.


Тұмау белгілері: қалшылдау, бас ауруы және/немесе өне-бойдың ауруы.


Сондай-ақ тағы мынандай белгілер де көрініс табуы мүмкін: ауыз жаптырмайтын құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, тер басу, мұрыннан су ағу, жүректің айнуы, құсу, диарея.


Инкубациялық кезеңі: қысқа және орташа есеппен 1-2 күн. 


Ұзақтығы және жұқпалылығы: аурудың ұзақтығы әдетте 5-7 күн. Алайда, ауру асқынған жағдайда науқастарда ауру белгілері пайда болғаннан кейін шамамен 3-10 күннен кейін нашарлау жиі кездеседі.


"Әсіресе егде жастағы адамдар қатты жапа шегеді. Тұмаумен ауыратын науқастарда аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін бір апта бойында жұқпалылығы сақталады".

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.