ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тұғырлы ел

Тұғырлы ел

Әлеумет 05.12.2024, 14:58 1,104
Тұғырлы ел
Сурет ЖИ көмегімен салынды
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі – бұл тек мемлекетіміздің саяси және экономикалық дербестігі ғана емес, сонымен қатар халқымыздың рухани тіршілігі, мәдениеті мен бай тарихи тәжірибесінің...

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі – бұл тек мемлекетіміздің саяси және экономикалық дербестігі ғана емес, сонымен қатар халқымыздың рухани тіршілігі, мәдениеті мен бай тарихи тәжірибесінің көрінісі.

1991 жыл, 16 желтоқсан – әрбір қазақтың жүрегінде терең мəнге ие. Бұл күн – еліміздің болашағының негізі қаланған, еркіндікке ұмтылған тәуелсіз халықтың тарихындағы жаңа белес.

Тәуелсіздік алған жылдар – халқымыз үшін зор өзгерістер мен жаңалықтар кезеңі. Қиыншылықтарға қарамастан, тәуелсіз мемлекет болу үшін халық бірігіп, ынтымақтастық көрсетті. Дегенмен, тәуелсіздікке жету тек саяси аспектімен шектелмейді, ол – біздің ұлттық болмысымызды, мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді сақтап дәріптеуді одан әрі жетілдіру. Туған жеріміздің топырағында ата-баба дәстүрімен келе жатқан құндылықтарды насихаттау арқылы біз өзіміздің табиғи ерекшелігімізді сақтап қаламыз.

Демек, осындай ортада тәрбиеленген өскелең ұрпақ - өткен тарихын біліп, оны құрметтеп, болашақта да елімізді дамыта алатын азамат ретінде қалыптасады.

Бүгінде еліміздің жеткен жетістіктері әлемге танылып, спорт, ғылым, білім, мәдениет саласында халықаралық деңгейге жетті. Атап айтсақ, бізде өткізілген ЭКСПО-2017 сияқты ірі шаралар Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орнын нығайтуға зор үлес қосты. 

Сонымен қатар, еліміздің геосаяси жағдайының тұрақтылығы мен ішкі дамуы да халықтың даму деңгейін көрсетіп отыр. Алайда, тәуелсіздіктің құндылығы – бұл тек жетістіктерде емес, сондай-ақ қиындықтарды жеңе білуімізде. Сынақтар мен тосқауылдар, экономикалық дағдарыстар бізге сабақ болды, жігерімізді жаныды, және де халықты мықты да бекем болуға, кез келген қиындықты бірге жеңіп, ортақ мақсаттарға бірге ұмтылуға үйретті.

Тәуелсіздікке 33 жыл! Бұл – халқымыздың рухы,  өз-өзін тану жолы. Мұның мәні – аңсаған армандарға жеткізетін жалынды жол.

Ендігі міндетіміз – тәуелсіздікті қорғау, нығайту, жастарға оны қадірлеуді үйрету, өз еліміздің тарихында із қалдырып, жас ұрпаққа жақсы дәстүрлер мен тәжірибелер қалдыру.

Еркіндік пен жауапкершілік – бірге жүретін ұғымдар.  

Сондықтан, Тәуелсіздік күні – бұл қуаныш, мақтаныш, әрі жауапкершілік. Бұл күні әрбір азаматтың жүрегінде елімізге деген сүйіспеншілік, өз халқымызға деген құрмет, және ертеңгі күнге деген сенім басым болады.

Яғни, Тәуелсіздікті сақтап,  бірлікті нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды жүзеге асыруда табандылық танытып, оны ұрпақтан ұрпаққа аманаттап отырсақ, еліміз дамыған, тұғыры берік, қуатты елге айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.